"Мектеп парламентінің" қараша айындағы жұмысы
Мектеп парламенті қараша айында жоспарға сәйкес және жоспардан тыс өз жұмыстарын атқарды.Атап айтар болсақ «Құқықтық және тәртіп» фракциясы «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы бойынша «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» акция аясында челлендж өткізді.«Мектепте буллингке жол жоқ!.Өзін-өзі бақылау жолы» тақырыбында педагог-психолог парламент мүшелерімен тренинг өткізді.
Қамқорлық фракциясы «Тарихқа құрмет жобасы аясында «Балаға мейірім сыйла», «Мейірімділік керуені» акциясын өткізді.Жетекшісі әлеуметтік-педагог А.Аманжолмен бірлесе үйде оқытылатын балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырып,сыйлықтар таратты.
Жоспардан тыс мектеп президентінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру,ұлттық құндылқтармызды дәріптеу мақсатында «Ұлттық киім-ұрпаққа мұра», «Көңілді үзілістер», «Ұлттық ойындар» ұйымдастырды.
Оқушыларды мектеп ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында,парламент мүшелерінен кезекшілік кестесін жасап мектеп өміріне атсалысуда.
Мектеп президенті әр дүйсенбі Мемлекеттік рәміздердің орындалуын қадағалауда.Рәміздерді насихаттау мақсатында «Қазақстан Отаным,әлем білген атағын» тақырыбында эссе жазуды ұйымдастырды.
Білімалушыларды еңбекке баулу және қаржылай сауаттылығын арттыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырды.Жәрмеңке ережесі жасалып,сатылымға ата-анамен бірлесе дайындаған тағамдар мен сусындар қойылды.Жоғары сыныптар «Қорқынышты бөлме», «Кинотеатр залы» сияқты шараларын жасап оқушылар үзілістерін қызықты өткізді.
Сонымен қатар Ақпараттық баспасөз фракциясының депутаты А.Өмірбай мектеп тынысымен оқушыларды таныстырып отырады.Дәлізге қойылған теледидар арқылы оқушыларға «Жаңалықтар» айдарын өткізуде.


