20
октябрь
2020
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазан айында өткізілген іс-шаралар




А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүр мен ғұрып», «Үнем-қоғам қуаты», «Еңбек-елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет» жобаларын іске асыру бойынша онлайн форматта өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес қазан айында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша тәлімгер Қ.Тлегенованың ұйымдастыруымен «Ұлттық киі м-ұрпаққа мұра» тақыыбында дәріс және технология пәнінің мұғалімі Г.Сураншиева «Тағам және талғам» атты шеберлік сағат өткізді. «Үнем-қоғам қуаты» жобасы бойынша ДТІЖО Қ.Султанова және мектеп медбикесі бірлесе отырып «Тазалық-саулық негізі, Саулық-байлық негізі» атты тақырыпта танымдық ұйымдастырылса, «Еңбек-елдің мұраты» жобасы аясында ұйымдастырушы М.Нагашбайдың ұйымдастыруымен қашықтықтан «Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер» тақырыбында эко-сағат ұйымдастырылды. «Құқықтық мәдениет» жобасын жүзеге асыру мақсатында ДҚІЖО орынбасары М.Темиржанова «Құқықтық мәдениет-бала қауіпсіздігінің кепілі» атты онлайн конференция және ««Әулиеата ұландары» жастар қоғамдық қозғалысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.