А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша «Дәстүр мен ғұрып», «Үнем-қоғам қуаты», «Құқықтық мәдениет жобалары» аясында қыркүйек айында өткізілген іс-шаралар

Қыркүйек айында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында 5-9 сыныптар аясында қашықтықтан «Ұлттық ою-өрнектер-еліміздің рухани қазынасы» тақырыбында технология пәнінің мұғалімдері С.Уразова, Г.Сураншиева, Б.Мағыртаевтың ұйымдастыруымен онлайн форматта көрме өткізілді.
«Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында «Табиғат –тіршілік нәрі» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
«Құқықтық мәдениет» жобасы аясында «Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясы өткізілді. Акция барысында жоспарға сәйкес жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, көше тәртібі жөніндегі білімдерін тереңдету мақсатында жаднамалар таратылды. Құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 3-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Кезекші сыныптармен «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылса, 8-10 сынып оқушылары «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында эссе жазды.