"Ұлағат" өзін-өзі басқару ұйымының желтоқсан айы бойынша өткізген іс-шаралары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің 04.05.2021 жылғы №13-376 санды хатының негізінде, жалпы ұлттық мәдени білім беру жобасын іске асыру және «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша
2021 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасына сүйене отырып мектепте «Мектеп парламенті» құрылды.Біздің мектеп парламентінің атауы «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымы болып бекітілді.
Желтоқсан айының жоспарына сәйкес «Құқықтық фракциясы» жетекшілерімен бірге әдеттегі рейд жұмыстарын атқаруда. «Жас полияция көшмекшілерімен» бірлесе балаларды жолда жүру тәртібін сақтауға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Жолда жүру ережелері бойынша 1-8 сыныптар арасында плакаттық сурететр байқауын ұйымдастырса, «Жас полиция көмекшілерімен» бірлесе «Жас өспірім және заң» тақырыбында құқық қорғау органдарымен кездесу өткізді.Кездесуге мектеп инспекторы А.Абдымомынов қатысып,оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Спорт және салауатты өмір салты фракция мүшелері желтоқсан айында ЖИТС-тің алдын алу бойынша 10 күндіктің жоспарына сай іс-шаралар ұйымдастырды.Аталған іс-шара әдеттегідей қараша айының соңғы аптасы мен желтоқсан айының бірінші аптасы аралығында өткізілді.Балаларды аталған аурудың алдын алу және қауіптілігі туралы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған кездесуге СӨС,Жастар денсаулық орталығының мамандары шақырылып қыздлармен және ұлдармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар аптасына бір рет «Таза мектеп-таза сынып» акциясы аясында тоқсан айақталуына байланысты оқушылар тазалық жұмыстарын жүргізді.Әр сынып өз сыныптарының парталарын,қабырғаларын,терезелердің ішкі беттерін жуып тазалады.

Өзін-өзі тану және бақыт,қайырымдылық фракциясы желтоқсан айында «Мейірім толы жүрек» акция аясында үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларды «Жаңа жыл» мерекесіне орай құттықтап,қайырымдылық жасап қайтты.Аталған іс-шараға әлеуметтік-педагогтармен,Мектеп президенті және ұланбасы барып қайтты.
Сонымен қатар аталған фракция мүшелері айына бір рет мектеп белсенділерімен кездесу өткізіп отырады.
Дебат қозғалысы фракциясы жетекшісімен бірлесе «Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары.Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» тақырыбында дебат өткізді.
Эколгия және еңбек фракциясы желтоқсан айында «Жасыл кабинет» гүлдендіру жұмыстарын өткізді.Гүлдерді қопсытып суғарып және гүлдерді жаңалап отырғызу жұыстарын жасады.
Мәдениет және өнер фракциясы 24 желтоқсан Б.Момышұлының туған күніне орай кітапханашылармен бірлесе шығармаларынан түсінік айту іс-шарасын өткізді.
Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік маңдайдағы тәтті ұғым!» таырыбында салтанатты іс-шарысын және Жаңа жылдық шырша мерекесін барлық парламент мүшелері бірлесе ұйымдастырды.
Мектепте өткізілетін барлық іс-шараларға мектеп парламенті «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымы атсалысуда.Бірқатарын атап айтар болсақ мектебіміздің мақтаныштары спортшыларымыз Мұқатай Нұржауған мен Аман Димастың жеңістерімен құттықтау салтанатты іс-шарасын ұйымдастырды.Спортшыларымыз Өзбекстан мемлекетіне жарысқа барып жүлделі орындармен оралды.Салтанатты лездемеде мектеп директоры құттықтап мақтаныштарымызға мотвация берді.

