"Жомарт түлек" жобасы аясында өткізілген іс-шаралар
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі
«Ұлттық Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жомарт түлек» арнайы жобасы аясында өткізілген іс-шаралардың анықтамасы
Өткізілген мерзімі:қыркүйек
Тақырыбы: танымал түлектермен мативациялық кездесу аясында АҚФ «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Кеңесов Әкежан Бақытұлы.
Мақсаты: түлектерге мативация беру,өз елін,жерін сүюге тәрбиелеу.Өз мектебіне деген құрметін арттыру
Қазан айында «Жомарт түлек» жобасы аясында танымал түлектермен мотивациялық кездесулер өткізу іс-шгарасы бойынша АҚФ «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Кеңесов Әкежан Бақытұлымен кездесу өткізілді.Танымал түлегіміз оқушыларымызбен Алматы қаласынан онлайн кездесіп,өзінің мектеп жасындағы қызықтары және жетістікке жеткен еңбектері туралы баяндап берді.Білімалушыларды ұстаздарды құрметтеуге шақырды.Білім алып еңбек етудің пайдасы нәтижеге қол жеткізетіні туралы дәлел келтіре отырып сұхбат жүргізе білді.
Сонымен қатар білім берген ұстаздарды да қазан айындағы төл мерекелерімен құттықтап жылы лебізін білдірді.Кездесу оқушыларға білімге деген қызығушылық тудырып,әсер қалдырды.Бейне баяндамада түлегіміз жан-жақты түсіндіріп,ойын толық жеткізе білді.Онлайн жоспарланған кездесудегі бейне баяндаманы мектеп дәлізіндегі теледидарға қосу арқылы барлық оқушылар мен ұстаздардың танысуына ықпал жасалды.