30
декабрь
2020
А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектепте желтоқсан айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген іс-шаралар

А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектепте желтоқсан айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген іс-шаралар:
- "Сананың ашықтығы" жобасы бойынша Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының 110 жылдығына орай "Батыр туралы көркем және деректі фильмдердің қашықтықтан көрсетілу апталығы ұйымдастырылды;
- "Үнем-қоғам қуаты" жобасы бойынша "Үнемшілдік пен ысырапшылдық" тақырыбында презентация өткізілді;
- "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы бойынша Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының 110 жылдығына орай "Отан үшін от кешкен,Батыр баба рухымен" тақырыбында дөңгелек үстел және " Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының 110 жылдығына орай "Батырлыққа тағзым" тақырыбында танымдық сағаттары өткізілді;
- "Дәстүр мен ғұрып" жобасы бойынша "Шебердің бізі-ортақ,шешеннің сөзі- ортақ" тақырыбында технология пән мұғалімі Б.Магиртаев шеберлік сағатын және "Тату үйдің тамағы тәтті" тақырыбында ұйымдастырушы-педагог М.Нагашбай ұлттық ұмыт болған тағам түрлеріне презентация өткізді;
- "Еңбек-елдің мұраты" жобасы бойынша "Кәсіп -кәсіп түбі нәсіп" тақырыбында 100 жаңа есім иесі А.Пошкаевпен кездесу өткізілді;
- "Туған жер" жобасы бойынша "Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының 110 жылдығына орай Б.Момышұлының мемориалдық музейіне саяхат жасалды.