"Аналар мектебі" , "Әжелер мектебі" бойынша өткізілген іс-шаралар » Средняя школа №13 имени Ахмета Байтурсынова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Аналар мектебі" , "Әжелер мектебі" бойынша өткізілген іс-шаралар
14
ноябрь
2022

"Аналар мектебі" , "Әжелер мектебі" бойынша өткізілген іс-шаралар

Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі

«Ана-ұлттық руханиятымыздың өзегі» дәрістің анықтамасы


Өткізілген мерзімі : 14.11.2022 жыл

Өткізілген орны: оқу кабинеті

       «Аналар мектебі» бойынша қараша айының жоспарына сәйкес клуб мүшелерімен бірлесе  «Ана-ұлттық руханиятымыздың өзегі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті  мектебіміздің мақтаныштарының бірі,мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қатарындағы Мұқатай Нұржауғанның анасы Турдалиева Ботагөз өткізді.Клуб мүшесінің төрайымы Жумагазиева Құралай оқушыларға мотвация беру мақсатында үлгілі анамызбен қыздарымызды кездестірудің мақсатын айтып өтті.

Дәрісті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Султанова ашып, іс-шараның мақсатын түсіндіріп өтті.Содан кейінгі сөз кезегін қонағымызға берді.

Қонағымыз өзін таныстырудан бастады.Ол сөзінде сіздер мені осы мектептің хатшы қызметіндегі қызметкер ретінде танисыңдар.Бүгін мен осы дәріске қонақ ретінде шақырылып отырмын.Мен Нұржауғанды анасы ретінде үнемі қолдау көрсетіп отырамын.Оған ешуақытта сен мүгедексің қолыңнан келмейді деп айтқан емеспін.Керісінше алға ұмтылуға демеу жасаймын.Ол жан-жақты бала.Сол қабілетіне қарай мен қолдау көрсетуге міндеттімін.Өздерің білетіндей ол суретші,театр өнерінде меңгерген,сонымен қатар денсаулығына қарамай спорттың екі түрімен шұғылданады.Дәл қазір ол Азия чемпионатына түсіп жатқанын білесіздер.Жеңіспен оралатына сенемін.Болашақта спортшы және жақсы актер болатынына ықпал жасауға дайынмын.Өйткені ол осы екі саланыда қалап отыр.

Менің мұнымен айтпағым ешуақытта қолымнан келмейді,ешкім түсінбейді деген ойдан аулақ болыңдар.Адам талпынса,еңбек етіп білім алса бәрін жеңіп шығады.Өздерің бірінші қадам жасасаңдар,қолдау көрсететін адам міндетті түрде табылады.Тым болмаса өзіңнің еңбегің,жеңіске жеткізбейц қоймайды-деп өз сөзін аяқтады.

Аталған дәрістен қыздар әсерлі көңіл-күй алып,сұрақтар қойды.Күнделікті көріп жүрген адамды екінші қырынан танып таңғалыстарын жасырмады.



 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив