"Аналар мектебі", "Әжелер мектебі" бойынша өткізілген іс-шаралар » Средняя школа №13 имени Ахмета Байтурсынова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Аналар мектебі", "Әжелер мектебі" бойынша өткізілген іс-шаралар
15
сентябрь
2022

"Аналар мектебі", "Әжелер мектебі" бойынша өткізілген іс-шаралар

Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі                               «Жылулық көзі-әже» пікірлесудің анықтамасы

Өткізілген мерзімі : 15.09.2022 жыл

Өткізілген орны: мектеп акт залы

Мақсаты: Ананың қызына беретін үлгі - өнегелері туралы түсіндіру; ананың «бесік жыры» арқылы қыздарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу жолдарын көрсету. 

      Мектебіміздің білімалушыларына ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру мақсатында «Аналар мектебі» және «Әжелер мектебі» клубы құрылған.Айына бір рет аталған жоспар бойынша клуб мүшелері мен бірлесе іс-шаралар өткізілуде.Осыған орай қыркүйек айында «Жылулық көзі-әже» тақырыбында пікір алмасу өткізілді.

Кездесуге асыл әжеміз Жаналиева Айжан қатысып қыздарға тәрбие бағытында әңгіме өткізді.Ол өз сөзінде-бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз-ертеңгі сүйкімді бойжеткен, болашақ ана. Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне ерте замандардың өзінде-ақ көңіл бөлген. Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметтеп, олардың дөрекі сөйлемей, ізетті, ұстамды болуды талап еткен. «Қыз өссе – елдің көркі» деп біздің қазақ халқы ежелден қыз баланы аялап, мәпелеп, ерекше құрметтеп, оның нәзік те ақылды болып өсуіне мән берген. Сондықтан бүгін біз осыған орай «Жылулық көзі-әже» пікірлесу   алаңын ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі кешіміздің қонақтары:  «Аналар   кеңесінің» төрайымдары Жумагазиева Қ, Қалдарбекова Г,Хайтниязова Г қатысып,өз ақыл кеңестерімен бөлісті.Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив