Ата-аналар комитет төрайымдарымен кезектен тыс өткізілген жиналыс
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта метебі
Кезектен тыс сынып комитет төрайымдарымен өткізілген ата-аналар жиналысының
Хаттамасы №
Көлбастау ауылы Мерзімі:23 қараша 2022 жыл
Қатысқандар:мектеп директоры,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар,қамқоршылық кеңесінің төрайымы, мектеп психологы, сынып жетекшілер, комитет төрайымдары
Күн тәртібінде:
- «Баланың аутодеструктивті мінез-құлқы және деструктивті интернет ойындарға тәуелділігінің белгілері» (Педагог-психолог С.Малибекова)
- Құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары. «Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері» (ДҚТІЖО Г.Қондыбаева)
- Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
Жиналысты мектеп директоры А.Абеев ашып ата-аналарды күн тәртібімен таныстырып өтті. Кезектен тыс жиналыстың себебін түсіндіріп комитет төрайымдарына ата-аналармен бірлесе жұмыс жасауда сіздердің көмектеріңіз керек деп атап өтті.Ауданда орын алып жатқан жағдайдың бәрімізді алаңдатуда,сол себептен алдын алу жұмыстарын жүргізіп баланы қадағалаусыз қалдырмауымыз керек,осы тұрғыда ата-ананың рөлі зор.Сол мақсатта күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагог-психолог С.Малибекова сіздерге бірқатар ақпарат беріп түсіндірме жұмыстарын жүрзгізіп өтеді-деп сөз кезегін педагог-психологқа берді.
Бірінші мәселе бойынша педагог-психолог С.Малибекова «Баланың аутодеструктивті мінез-құлқы және деструктивті интернет ойындарға тәуелділігінің белгілері» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Баланың аутодеструктивті мінез-құлқы және деструктивті интернет-ойындарға тәуелділігінің белгілері:
Компютерге тәуелділіктің маңызды факторларының бірі мінез қасиеттері-шамадан тыс өкпешіл, ренжігіштік,мазасыздық,депрессияға бейімділік,өзін төмен бағалау,стреске шыдамдылық нашар,қақтығыстарды шеше алмау,қиындықтан қашу.
Компютерлік тәуелділіктің қалыптасуы көбінесе отбасындағы тәрбие мен қарым-қатынастың ерекшеліктеріне байланысты; шамадан тыс қамқорлық, немесе керісінше шамадан тыс талапшылдық пен «жолы» болмайтын бала комплексі,отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы,тіл табысу мен түсінісудегі қиындықтар.
Ержеткен балаңыздың қызығушылықтары мен дәм құмарлықтарын қабылдау – ата-ана үшін жалғыз дұрыс шешім. Балаңыздың ұнататын нәрселеріне қызығушылық танытыңыз – оның сүйікті компьютер ойындарын, фильмдерін, музыкалық топтарын біліп жүріңіз. Міндетті түрде сізге ұнайтындарын айтып отырыңыз: бұл балаңызға ұнайды, оны таңқалдыратын болады, қуанып қалады. Баланың белгілі бір еркіндікке деген құқығын аяқасты етпеңіз: есік қақпай бөлмеге кірмеңіз, рұқсатсыз заттарын қозғамаңыз, оның аймағында өз тәртібіңізді орнатпаңыз. Оның таңдау құқығын әрқашан жадыңыздан шығармаңыз, әрбір бала қадірлеуді қажет етеді – оның таланттарын бағалайтындығын, оның қабілеттері мен шеберліктерін мақтан тұтатындығын білгісі, көргісі және сезінгісі келеді.. Өз балаңызды ешқашан айналадағылармен салыстырмауға тырысыңыз, сонымен қатар өз балаңызды өзгелерден төмендетіп салыстыруға мүлде жол бермеңіз. Егер баланы отбасында қадірлемесе, ол ниеттестерін сырттан іздейтін болады және жаман ортаға тап болуы ғажап емес.Балаңыздың смартфонын түнемі тексеріп отырыңыз,бала не көріп отыр немен шұғылданады,кіммен байланыс орнатып отыр,әлеуметтік желіден керекті пайдалы зат іздей ма әлде ойынмен күн өткізіп отырма.Осы мәселені қолға алу басты мақсат екенін естен шығармаңыздар.Баланың көңіл-күйін күнделікті бақылап,кешкі бас қосуда бүгінгі күнді қалай өткізгегін сұраңыз.
Біртіндеп баланы өзінің қиындықтарын өзі жеңуіне дағдыландырыңыз. Өзі мақсаттар қойсын және оған жету жолдарын өзі айқындасын. Балаңызға өз жолын өзі салуды үйретіңіз – оған мамандықтар әлемінде бағдар алуға көмектесіңіз. Болашақта немен айналысуды шешу – бұл жасөспірімдер үшін ең қиын іс. Барлық мүмкіндіктерді көрсетуге тырысыңыз – оған әр түрлі мамандықтар туралы айтыңыз, өз достарыңыздан олардың қызмет салалары туралы ақпаратпен бөлісуін сұраңыз. Жасөспірімнен оның нені қалайтындығын айқын білуін талап етпеңіз. Бала тек онда таңдау болған жағдайда ғана шешім қабылдай алады.
Әрбір ата-ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез-құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Көптеген жайттар жасөспірімнің оны қалай жеңуіне, ата-анасына осындай қиын кезеңде қандай көмек алатындығына байланысты болады –дей келе бір қатар кеңестер беріп ата-аналарды бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Екінші мәселе бойынша мектеп директорының құқықтық тәрбие орынбасары Г.Қондыбаева сөз алып ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Алайда мектептегі ата-аналар жиналысында немесе олармен сұхбат жүргізгенде көптеген ата-аналар өзінің бала алдындағы құқықтары мен міндеттерін толыққанды жете түсіне білмейтінін аңғарып жүрміз. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған және ҚР заңдарында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, ҚР «Бала құқы туралы» заңында, ҚР «Білім https://mail.ru/туралы» заңында және өткен жылы толықтырылып, өзгертілген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңында анық көрсетілген.
«Білім туралы» ҚР Заңындағы «Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері». туралы бірқатар заңдармен таныстырып өтті.
49-бап. «Ата-аналардың және өзгеде заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері».
1) Баланың тілегін, жеке биімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдауға;
2) Ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3) Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
4) Өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары бойынша психологиялық-медициналық-педогогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
5) Балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
Ата-аналар мен өзгеде заңды өкілдер:
1) Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауыпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) Бес жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге, ал алты жастан баспа жалпы білім беретін мектепке беріге;
3) Балаларды оқытумен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;
4) Балалардың оқу орындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге,барлық керекті заттармен мектеп формасымен қаматамасыз етуге міндетті.
«Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері» түсіндірме жұмыстары аясында Білім басқармасының 28.03.2019 жылғы №152 бұйрығымен бекітілген «оқушыларды мектепішілік есепке алу тәртібі туралы» ережесімен таныстырып өтті. Нұсқаулықта оқу орындарында глоссарийде көрсетілген зорлық-зомбылықтардың барлық түрлері бойынша (буллинг,кибербуллинг,дене зорлығы,психологиялық зорлық,тұрмыстық зорлық,сексуалды зорлық т.б) сауалнамалар алу,алдын алу шаралары жүргізу,жобалары іске асырылып жатқанын ата-аналарға хабарлады.Ата-аналардың келісімдерімен құқық бұзушылық жасауға және жәбірленуші болуға күдік келтіретін балалардың ұялы телефондарындағы жазбаларын кибербуллингтің алдын алу мақсатында ата-аналарымен бірлесіп оқуды қарастыру. Сонымен қатар « Оқушыларды мектепішілік есепке алу тәртібі туралы ережеге» сәйкес ,мектепішілік есепке алу және тұрмысы қолайсыз отбасыларын есепке алу журналдары арналған.Ол журналға мектепішілік есепке алуға жататын балаларды анықтап,тіркеп отыратындылығын айтты.Осы бағытта атқарлыған іс-шаралар педогогика қжымдарына ,ата-аналарға ,қамқоршылық кеңес мүшелеріне таныстырылады.Мектепішілік есепке алу үш сатыдан тұрады.Ең төменгісі үлгерімі төмен оқушылар,ортаңғы сатысы сабақтан кешігетін жалпы мектеп ережесіне бағынбайтын оқушылар,үшінші сатысы құқықбұзушылық жасаған және бейім балалар.Ата-аналарға балаларының қандай әлеуметтік желіге кіретіні,кімдермен араласатыны туралы хабардар болып отыру ескертілді.
Сонымен қатар балаға сабақтан тыс уақытта ата-ана жауапты екенін естен шығармаңыздар.Түнгі мезгілде баланы үйден шығармау,яғни 22:00 ден соң бала үйдің ауласынан аттап шықпауы тиіс.22:00-ден соң мейрамхана,кафе басқа да көңіл-көтеретін орындарды,23:00-ден соң түнгі мезгілде үйден шықпау заңын жақсы білесіздер.Осы мәселе күн тәртібінен түскен емес сондықтан құрметті ата-аналар сақтықта қорлық жоқ екенін балаға жақсылап жеткізу сіздердің міндеттеріңіз-деп сөзін аяқтады.
Әр түрлі мәселелер бойынша комитет төрайымының көмекшісі А.Абдраймова сөз алып өз ойын айтып өтті.Өз сөзіне қазіргі таңда балалардың барлығы дерлік смартфон арқылы ақпарат алуда.Оған себеп ата-аналардың балаларға көңіл бөлуге уақтысының болмауында және смартфонға деген тәуелділік екенін жасыра алмаймызБарлығымыз бала үшін деп отырған ата-аналармыз,барлықтарыңызды бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.Яғни мектеп,отбасы,қоғам болып баланы дұрыс бағытқа жетелейік дегім келеді деп сөзін аяқтады.
Жиналысты мектеп директоры қорытындылап,комитет төрайымдарына сынып бойынша ата-аналар чаттарында жиналыста көтерілген мәселелер туралы түсіндірме жұмыстарды жүргізуді,ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болуына ат салысуға шақырды.
Шешім етілді:
- Педагог-психологтың түсндірме жұмыстары нарзарға алынсын
- Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен және оқушылармен профилактикалық іс-шаралар жүргізілсін.
- Сыныптың комитет төрайымдары ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жалғастырсын.
Жиналыстың төрағасы: А.Абеев
Қамқоршылық төрайымы: Б.Темиржанова
Ата-аналар комитетінің төрайымы: А. Жамакулова
Хатшы: Ж.Избасарова

