"Отбасы -бақыт мекені" жалпы ата-аналар жиналысы » Средняя школа №13 имени Ахмета Байтурсынова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы -бақыт мекені" жалпы ата-аналар жиналысы
29
август
2022

"Отбасы -бақыт мекені" жалпы ата-аналар жиналысы

Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта метебі

«Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында өткізілген бірыңғай   ата-аналар жиналысының 

Хаттамасы №


Көлбастау ауылы                                            Мерзімі:29 тамыз 2022 жыл


Қатысқандар:мектеп директоры,оқу ісі жөніндегі орынбасары,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар,мектеп психологы,сынып жетекшілер,ата-аналар

Күн тәртібінде:


1.Мектеп формасына қойылатын талаптар (орамал тағу т.б) түсіндірме жұмыстары       /ДТІЖО Қ.Султанова/

2. «Жол қауіпсіздігін сақтайық!» (ана - аналарға ескерту жұмыстарын жүргізу) . Мектеп ережелерімен таныстыру. 

/ДТІЖО Қ.Султанова.ДҚТІЖО Г.Қондыбаева/

3.«Дені сау ұрпақ –ел болашағы» мектеп оқушыларының      тамақтануының  ұйымдастырылуы. /Әлеуметтік-педагог Э.Төлеуіш/

4. Ата-аналардың бақылау  жүйесі қосымшасын тарату.Ақпараттық қауіпсіздігін алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстары/педагог-психолог С.Малибекова/

5.Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау. /ДТІЖО Қ.Султанова/

6.Әр түрлі мәселелер

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп формасы туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Султанова ата-аналарды Жуалы ауданы білім бөлімінің 28 шілде 2022 жылғы №13-1341санды хатының мазмұнымен таныстырып өтті. 

Жуалы ауданы білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылымм министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 14-1) тармақшасына сәйкес барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды 2022-2023 оқу жылында орындауды қажет ететінін хабарлайды.

Осыған орайа ғымдағы жылдың шілде айының басында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің тапсырмасын орындау мақсатында барлық мектептің 1-ші сынып оқушыларына (гимназия,орта мектеп,лицей барлық мектеп түріне,бағытына тиесілі) қою көк (темно-синий) түсті мектеп формасымен (сапалы) қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар мен қамқоршылық кеңестер мен бірлесіп жұмыс жүргізу қажет.

Сонымен қатар,алдыңғы оқу жылында алынған оқушылардың мектеп формалары істен шыққанша, тозғанша киюге рұқсат беріледі,одан кейін кезең-кезеңімен жоғарыда көрсетілген қою көк түстегі мектеп формасына ауыстыру қажет.Бұл хатты шілде айында ватсап желісі арқылы барлық сыныпта сынып жетекшілер ата-аналар жиналысын ұйымдастырып түсіндірілген   болатын.

Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы  ұсынылатын мектеп формасы.

Бірыңғай классикалық  форма кию:

1.Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді.

2.Ұлдар үшін қою көк пиджак, шалбары еркін тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұрады, ақ жейде (бірыңғай ақ жейде) ,галстук (класикалық пішіндегі көкке ақ сызықша түскен үлгідегі).

Қыздар үшін қою көк пиджак, белдемшесі кең етекті тізені жауып тұруы, ақ кофта (бірыңғай түстегі), ақ бантик (шаш екіге өрілген үлгіде).

3.Ұлдар және қыздар үшінде аяқ киім класикалық үлгіде (күнделіктіге спорттық киім және спорттық аяқ киім рұқсат етілмейді )

4.Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынған. (Әшекей бұйымдарын киюге,тағуға тыйым салынған)

5.Дене шынықтыру сабақтары үшін спорттық киімдер қарастырылған:

Ақ футболка, қара түсті спорт шалбары, резеңкелі кеді немесе красовка.Қысқы мезгілде спорт костюмі.

6.Спорттық  киімде оқушылар тек дене тәрбиесі сабақтарында ғана болады.

7.Мектеп формасы конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.Мектепте кезкелген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджап,никаб,бурка,паранжат.с,с) және кезкелген діни атрибутикаларды  (белгілерді) киюге қатаң тыйым салынады.

Жоғарыда таныстырылған мектеп формасына қойылатын талаптарды қатаң сақтауға және қамтамасыз етуге ата-аналар ықпал жасауы міндеттеледі-деп өз сөзін аяқтады.Ата-аналар бір ауыздан келісім берді.

Екінші мәселе бойынша «Жол қауіпсіздігін сақтайық!» туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Султанова ата-аналарға бірнеше жадынамалар ұсынды.Әр адам жол ережесін білу міндетті.Оқушыларға мектеп қабырғасында  «жолда жүру ережелері» бойынша сынып сағаттарын өткізіп отырады.Дегенмен бала ата-анаға қарап бой түзейді.Ата-ана балаға қай кезіндеде үлгі бола білу керек.Көшеде баламен жүргенде ата-ана ереже бұзса бала соны қайталайды,яғни сол жағдайды қалыпты деп қабылдайды.Сондай жағдайлар салдарынан жыл сайын әлемде жол көлік оқиғаларына 18 жасқа дейінгі балалар жиі ұшырайды екен. Үнемі жолдың шетімен жүруді,жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызық жолды кесіп өтуге арналған,дегенмен оң және сол жаққа мұқият қарап алу керек екендігін ескертіп отырыңыз.Құлақ қап киіп көшеде жүру өз өміріңе қауіп төндірегенің деп түсінідіріп отырыңыз.Кәмлет жасқа толмаған жасөспірімдердің көлік жүргізуі де сәнге айналып отыр.Көлік тізгінін ұстатарда ата-ана баланы қаіпке итермелеп отырғанын сезінбей отыр өкінішке орай.Оң солын таңып үлгермеген бала көлік жүргізгенде мақтаныш сезімі үстем болады.Ондай жағдайда қаіпсіздік шараларын ескеругет баланың шамасы болмайтыны анық.Ал арты орны толмас қайға ұшыратып жатад.Соны бірінші ата-ана жауапкершілте екенін түсіну керек. Балаға қауіпсіздік шараларын үнемі ескерте отырып,өзіңіз үлгі бола білу керексіз.Сонымен қатар суда шомылу қауіпсіздік шараларын да үнемі ескертіп отырған артық болмас деп сөзін аяқтады.

         Оқушылардың құқық бұзушылықтарын алдын алу,қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақстаныда мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Г.Қондыбаева сөз алды.Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе кәмлетке толмағандар арасында қылмыстық істердің белең алуы, деп бастады өз сөзін.Бұған бірден-бір себеп ата-аналардың түрлі жағдайлармен балаларды қараусыз қалдыруы.Қадағалаусыз қалған бала түрлі істермен айналыса бастайды.Соның ішінде қылмыстық істердің белең алуы.Балаға сыртқы орта көп әсер етеді.Сол үшін әрбір ата-ана баланың кіммен дос болып жүргенін,айналасында қандай адамдар бар,бос уақында немен айналысатынын,баласының неге қызығатынын,интернетте не көретінін,қандай сайттарға кіретіні туралы біліп отрыуы маңызды.Баланы көше мен интернет тәрбиелеп жатқаны да жасырын емес.Интернет мәдениеттілігін қалыптастыру қазіргі таңдағы басты міндет болып тұр.Сондықтан бос уақытын тиімді пайдалану және қызығушылығын дамыту мақстаныда баланы түрлі үйірмелерге тарту баланың дұрыс қалыптасуна оң әсерін береді.Баланың түнгі уақытта көшеде жүрмеуін қатаң қадағалау керек.Түнгі 22:00-ден,таңғы 06:00-ге дейін тыйым салынған орындарға бармауын ескертіп отыру.Қашықтықтан оқыту кезінде бала уақтылы сабаққа қатысуын қамтамасыз ету де ата-анаға жүктеледі.Баланы сабақ уақтысында артық жұмыстарға салмау,яғни күзгі жиын-терін жұмыстарына бала тартылмауы керек.Қосымша күн көріс мақсатында бала егін алқаптарында жұмысқа тартылса заң алдында жауап беретіндері туралы, заңнамаларды ата-аналарға таныстырды.Сонымен қатар ата-аналарды оқушыларды есепке алу ережесі бекітілген 152 бұйрықпен таныстырып өтті.

Үшінші  мәселе бойынша әлеуметтік-педагог  Э.Төлеуіш ата-аналарды  бір мезгіл ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру туралы ақпарат беріп өтті.

2022-2023 оқу жылында 103 бала тамақтанды.Осы тамақтанған оқушыларға 2022 жылдың тамыз айында жалпы оқу қорынан бір реттік қаржылай көмек ретінде әр ата-ананың есеп шоттарына  32500 теңгеден мектеп формасына қаржылай түсті.Алқалы басқару орган шешімімен аз қамтылған 6 оқушынын құжаттары мен әлеуметтік жағдайлары қаралып, жалпы 109 баланың құжаттары мен тізімдері Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөліміне өткізіліп,  қаржылай көмек көрсетілді.

 Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейіне төмен 48 отбасынан, 75 оқушыМемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы  20 отбасынан , 33 оқушы.Отбасында тәрбиеленетін жетім балалар,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 1 отбасынан ,1 оқушы   

А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын   I-II ауысым бойынша қазіргі таңда 81   оқушының құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын негізге ала отырып, аз қамтылған,көп балалы отбасынан шыққан

  1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;    

  2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;    

  3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;   

   4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары балаларына,осы қаулыны ескеріп, 81 оқушының ата-аналарынан құжаттары мен өтініштері жинақталуда.2022 жылдың 2 қыркүйегінен бастап, асхана талаптарына сәйкес ашылып балалар тамақтанады. Мектеп асханасын жеке кәсіпкер «Аманжолова » балаларға бір мезгіл ыстық тамақпен асханадағы буфетті жалға келісім шартпен жұмыс жасап отыр. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап,мектеп асханасында тамақтың сапасы және санитарлық –эпидемиологиялық талапқа сәйкестігі туралы мектеп басшысымен бекітілген брокераждық комиссия құрамы 7 адамнан құрылып,  мектеп бұйрығымен шығарылады. Комиссия мүшелері атап айтар болсам, 

 1.Комиссия төрағасы –Мектеп директоры-А.А.Абеев

 2.Комиссия төрағасының орынбасары: ДШІЖО -К.Султанов

 3.Комиссия мүшесі ДТІЖО-К.Султанова

 4. Комиссия мүшесі медбике -Р.Алиева

 5. Комиссия мүшесі әлеуметтік педагог-Э.Төлеуіш

 6. Комиссия мүшесі жеке кәсіпкер –Ә.Есенаманов

  7. Комиссия мүшесі қамқоршылық кеңес төрайымы-Б.Темиржанова

       Осы брокераждық комиссия мүшелері асхананың дайындығын санитарлық эпидомиологиялық тазалығын,тамақтын сапасын,келген шикізат өнімдерін 1 қыркүйек күні тексеріп,қабылдап алады.

2. Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

 3.Отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;

Төртінші мәселе бойынша психолог-педагог С.Малибекова сөз алып ата-аналарды бақылау жүйесі қосымшасы туралы ақпарат берді.

Бұл функция арқылы бала тұтынатын контентті, гаджетті қолдану уақытын шектеуге, қайда жүргенін біліп отыруға болады.2020 жылы коронавирус пандемиясының салдарынан мектептер қашықтан оқуға көшіп, гаджеттер балаларға қажет құралға айналды. Бала смартфон арқылы видеосабақтар қарайды, үй тапсырмасын орындап, мұғалімге жібереді. Қалған уақытта әртүрлі ойындар ойнап, YouTube пен TikTok-тан видео көреді. Алайда смартфонды шамадан тыс қолдану балада тәуелділікті оятады. Оған қоса, смартфонды бақылаусыз қолданған балалардың кибербуллингке ұшырау оқиғасы да көбейді. Мұның қалай алдын алуға болады? Android және iOS операциялық жүйелерінде, бірқатар қосымшаларда "Ата-ана бақылауы" деген функция бар. Ол қалай жұмыс істейді оны қалай қосады? Шынымен де ата-ана бақылауы баланың смартфонды пайдалану уақыты мен тұтынатын контентін шектей ала ма?

№1. Ата-ана бақылауы деген не?

Ата-ана бақылауы – келесі екі функцияны орындайтын бағдарламаларды қамтиды:

балалардың зиян контент көруіне шектеу қою.

гаджетті, интернетті немесе нақты бір қосымшаны (мысалы, ойындарды) қолдану уақытын шектеу.

Мұндай бақылау болса балалар зорлық-зомбылық немесе балағаттау көріністері бар фотолар мен видеоларды көре алмайды. 18+ сайттарға кірмейді. Рұқсат етілген қосымшалардан басқасын жүктей алмайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң гаджетті пайдалану мүмкін емес, сондықтан басқа нәрсемен айналысуға немесе ұйықтауға мәжбүр болады.

№2. Ата-ана бақылауы қалай жұмыс істейді?

Ата-ана бақылауының үш түрі бар:

Теледидарда, планшетте, компьютер мен смартфондағы кіріктірілген бақылау функциясы.

Гаджетке орнатылатын шектеулер енгізуге мүмкіндік беретін қосымша.

Әлеуметтік желілерде немесе видеоконтенті бар сайттарда (мысалы, YouTube) балалар режимі.

Ата-ана бақылауы көмегімен балаға белгілі бір сайттарға кіруге, жаңа қосымшаларды жүктеуге рұқсат беруге не тыйым салуға, сонымен бірге гаджетті қолдану уақытын шектеуге, әлеуметтік желілердегі белсенділігін қадағалауға болады.

№3. Бала бақылауды "бұза" ала ма?

Әдетте бақыланатын қосымшалар құпиясөзбен қорғалады. Бала құпиясөзді білмесе шектеуді алып тастай алмайды. Егер рұқсат желілік баптаулар арқылы қадағаланса, мысалы роутерде, үлкен балалар шұқылап, шектеуді алып тастауы мүмкін. Бала роутердің баптауларын ретке келтіре алса, ата-ана бақылауын алып тастап интернетті еркін қолдана алатын жаста деген сөз.

№4. Ата-ана бақылауының қандай түрлері бар?

Әмбебап қосымшалар. Ата-ана бақылауының көптеген мүмкіндікке ие қосымшалары антивирус өндірушілері мен Google және Apple компаниясына тиесілі.

Трекер-бағдарламалар. Балалардың тұрған жері мен қозғалысын қадағалауға арналған қосымшалар. Мысалы, GeoLocator, Find My Kids: Parental control. Locategy және Boomerang секілді ата-ана бақылауы қосымшалары баланың тұрған жерін қадағалап қана қоймай, орынсыз контентті бұғаттап, балаға бірнәрсе бола қалса SOS сигнал жібереді.

Кіріктірілген бағдарламалар. Кейбір планшеттер мен смартфондарда кіріктірілген бағдарламалар арқылы құпиясөз енгізіп, балалардың гаджетті қолдануын қадағалауға арналған арнайы режимді қосуға болады. Функциялары: қосымшаларды жүктеп алу және пайдалануға шектеу қою, гаджетті қолдану уақытын шектеу және веб-іздеуді пайдалануға тыйым салу.

Желілік фильтрлер. Бірқатар роутерлер қажетсіз сайттарды бұғаттауға, интернет-трафикті сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Мұны роутердің баптауында жасауға болады. Алаяқ және тыйым салынған сайттар DNS-серверлерде сақталады. Роутердің баптауынан нақты DNS-серверді таңдауға болады. 

Әлеуметтік желілердегі ата-ана бақылауы функциясы. Әлеуметтік желіге тіркелу үшін баланың жасы 13 немесе 16-дан асуы керек. Бірақ балалар жасын қате көрсетіп, бұл шектеуді айналып өтеді.

№5. Google-дің ата-ана бақылауын қалай орнатады?

Google компаниясының ата-ана бақылауы Google Family Link деп аталады. Ата-ана алдымен қосымшаның ересектерге арналған нұсқасын  өзінің құрылғысына орнатуы керек. Балаларға сәйкесінше балаларға арналған нұсқасы орнатылады. Ата-ана өз қосымшасында отбасы тобын ашып, балалардың Google аккаунтын тіркейді. Балаларға арналған нұсқасын тек Android-та орнатуға болады. Ал үлкендерге арналған қосымша iOS-та да қолжетімді. Бұл бағдарламаға 6 аккаунт қосуға болады. Қосымшаны іске қосу үшін:Ата-анаға арналған Family Link-ке кіріп, код алу;

Кодты балаларға арналған қосымшаға енгізу;

Экран уақыты мен жас шектеуін баптау.

Бала өзінің планшетінде не смартфонында ата-ана енгізген баптауларды өзгерте алмайды. Ал ата-ана баласының гаджетті қалай және қанша уақыт қолданғаны жайлы есеп алады. Егер бала жаңа ойын немесе қосымшаны жүктегісі немесе сатып алғысы келсе, ата-анасының телефонына ескертпе жіберіледі. Бұдан бөлек, баланың гаджетіндегі кез келген қосымшаны бұғаттауға болады. 

Гаджетті қолдану уақытын шектеумен қоса құрылғыны түнде немесе үй тапсырмасын орындау кезінде құлыптап қоюуға болады. Интернетке қосылған планшет немесе смартфон арқылы баланың қайда екенін бақылай аласыз.

№6. Play Market-те шектеу қалай енгізіледі?

Android операциялық жүйесінде ата-ана бақылауын Play Market қосымшасы арқылы орнатуға болады. Play Market баптауында "Отбасы" деген менюде "Ата-ана бақылауы" деген пункт бар. Бұл функцияны қосып-өшіру үшін пин-код орнатып, оны растау керек. Содан кейін фильт қойғыңыз келетін контент түрлерін таңдап, ойындар мен қосымшаларды пайдалануға арналған әртүрлі жас шектеуін таңдауға болады. Шектеу енгізілген соң бала өзінің жас санатына ғана арналған ойындарды жүктей алады. Үлкен балаларға арналған ойындар смартфонда көрінгенімен, оларды бала қоса алмайды.

№7. Айфонға ата-ана бақылауы қалай орнатылады?

Айфонда ата-ана бақылауы "Экран уақыты" менюінде орнатылады. iOS-тың кейбір нұсқаларында ата-ана айфонына Apple ID енгізу керек. Құпиясөзді ұмытып қалса қалпына келтіруге болады. Қалған параметрлерді баланың iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысына енгізе аласыз. Тағы бір нұсқа – өз айфоныңызда баптауларға кіріп, "Отбасылық кіру" функциясын қосып, "Экран уақытын" таңдап, баланың атын белгілеп балаңыздың гаджетіндегі баптауларды айфоныңызбен өзгерте аласыз. "Экран уақыты" – "Контент және құпиялық" – "iTunes Store және App Store сатып алулар" менюін баптау арқылы қосымшаларды сатып алуға, орнатуға және қшіруге тыйым салуға болады. Қолдануға болатын қосымшалар тізімі "Экран уақыты" – "Контент және құпиялылық" – "Рұқсат етілген қосымшалар" менюінде баптауға болады. Музыкаға, фильмдерге, кітаптарға, іздеу нәтижелеріне, интернет-сайттарға, Siri арқылы іздеуге шектеулерді "Экран уақыты" – "Контент және құпиялылық" – "Контентті шектеу" менюі арқылы орната аласыз. 

№8.YouTube-те ата-ана бақылауы қалай жұмыс істейді?

YouTube желісінде балалар контенті ғана көрінетін қауіпсіз режим бар. Ол үшін аккаунтүстін басып, "Қауіпсіз режим" дегенді таңдау керек. Бұл режим іске қосылса балаларға сай келмейтін видеолар көрінбейді.YouTube желісінде бала көретін контентті қадағалаудың екі жолы бар. Біріншісі – балаларға арналған YouTube Kids қосымшасы. Бұл сервисте арналар мен видеолар негізгі YouTube сайты мен қосымшасына қарағанда көп емес. Мұнда отбасы бірге көре алатын, балаларға қызық болатын сапалы видеолар көрсетіледі. Қосымшаны күйге келтіру үшін ата-ана гугл-аккаунтына кіріп, сервистің ережелерімен келісіп, баланың атын, жасы мен туған күнін көрсетуі керек. Содан кейін баланың жасына қарай контенті таңдап,  баптауларды өзгерту үшін құпиясөз орнатады. YouTube Kids қосымшасында үш жас санаты бар: ең кішкентай балаларға арналған, мектепке дейінгі балаларға арналған және үлкен балаларға арналған.

Сонымен қатар ата-аналарға педагог-психолог келісім парағаы туралы түсіндіріп өтті.         

Бесінші  мәселе бойынша 2022-2023 жаңа оқу жылындағы ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау бойынша ұсыныс жасалды.Комитет құрамы 5 адамнан болсын деген ұсыныс айтылды. Ата-аналар комитетінің төрайымына 11 «А» мынып ата-анасы Хайтниязова Гүлчираны және орынбасарына 6 «Б» сынып ата-анасы Далжанова Қыздаргүл,мүшесіне 6 «Б» сынып ата-анасы Қосарова Эльмира,10 «А» сынып ата-анасы Жумагазиева Құралай,10 «А» сынып ата-анасы Такаева Жансая,хатшы Избасарова Жулдыз 6 «Б» сынып сата-анасы.Ата-аналар бірауыздан келісті.

Алтыншы әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп директоры жауап берді.

                   

Шешім етілді:


1.Жуалы ауданы білім бөлімінің  28 шілде 2022 жылғы №13-1341 санды хатындағы2022-2023 оқу жылына арналған міндеттелген мектеп формасының талаптары назарға алынсын.

2. Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп формасы,ата-аналардың қолдауымен қою көк түсті болып бекітілсін.

3. Мектеп формасына қойылатын талаптар назарға алынып,талаптарын сақтау ата-аналарға ,күнделікті қадағалау сынып жетекшілерге жүктелсін.


4.«Көшеде жүріп-тұру ережелері» бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары назарға алынып, сабақтан тыс уақытта оқушылардың өмір қауіпсіздігі ата-аналарға жүктелсін.

5. Қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында мектепке келетін оқушыларды мектепке  алып келіп,алып кетуін ата-ана жауапкершілігіне міндеттелсін.

6. Оқушылардың құқық бұзушылықтарын алдын алу,қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме жұмыстары назарға алынсын.Оқушылардың түнгі мезгілде жүрмеуін қадағалау ата-аналарға жүктелсін.

7.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қондыбаева білім басқармасының 28.03.2019 жылғы №152 бұйрығымен бекітілген «Оқушыларды мектепішілік есепке алу тәртібі туралы ережесін» таныстыруы назарға алынсын.Отбасында баланың әлеуметтік желілерді пайдалы жағына пайдалануын қадағалау ата-аналарға жүктелсін.

8.Тамақтанатын оқушылардың құжаттарын 64 қаулыға сәйкес жинақталып,тізімдерін дайындау әлеуметтік педагог Э.Төлеуіш пен әлеуметтік талдаушы А.Аманжолға жүктелсін.

9.Мектеп асханасының күнделікті тазалығы мен тамақтың ас мәзіріне сай дайындығын,оқушылардың тамақтануын қадағалау сынып жетекшілерге,мектеп медбикелері  мен әлеуметтік педагогтарға жүктелсін.

10.Психолог-педагог С.Малибекованың  ақпараты назарға алынсын.Мектептен тыс уақытта балалардың ақпараттық қауіпсіздіктен қорғау жауапкершілігі ата-анаға жүктелсін.

11.Ата-аналардан келісім парағы толық толтырылуын сынып жетекшілер ұйымдастырсын.

12.2021-2022 оқу жылына   ата-аналар төрайымы Г.Хайтниязова қалдырылсын және құрамы бекітілсін.



Жиналыстың төрағасы:                                                    А.Абеев


     Қамқоршылық төрайымы:                                              Б.Темиржанова


Ата-аналар комитетінің төрайымы:                               Г.Хайтниязова


              Хатшы:                                                                              Ж.Избасарова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив