Жолда жүру ережесі бойынша желтоқсан айында өткізілген і-шаралар
2022-2023 оқу жылының қазан айында оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтау, жол ережелерін бұлжытпай орындау, көше қатынастары ережелерін меңгерту мақсатында мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, алдын алу шаралары жүргізілді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан сынып жетекшілер мен ата-аналар, оқушыларға жаднамалар таратылды. Мектеп дәлізінде оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтау үшін «Қауіпсіз маршрут» жол картасы ілінген және мектеп оқушыларының күнделіктеріне желімделген. Мектеп дәлізінде «Жол ережесін сақтайық!» деген стенд жасақталған. Мектеп алдында мектеп оқушылары бар екендігін ескертетін «Оқушы қыз-бала» бейнесі бейнеленген тақтайша орнатылған.
1-8 сыныптар арасында тақырыптық сынып сағаттары айсайын өткізіліп отырылады.
Сонымен қатар желтоқсан айының жоспарына сәйкес «Жолы болсын әркімнің» тақырыбында сурет байқауы 1-8 сыныптар арасында өткізілді.

