"Балалар жылына" орай өткізілген іс-шаралар
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының «Балалар жылына» орай қазан айындағы жолда жүру ережесі бойынша өткізілген ашық тәрбие сағаттарының анықтамасы
2022-2023 оқу жылының қазан айында оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтау,жол ережелерін бұлжытпай орындау,көше қатынастары ережелерін меңгерту мақсатында мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы,төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, алдын алу шаралары жүргізілді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан сынып жетекшілер мен ата-аналар,оқушыларға жаднамалар таратылды.Оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтап ,жол- көлік оқиғасының құрбаны немесе себепші болмауы,жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы айтылып өтілді.1-8 сыныптар арасында тақырыптық сынып сағаттарын айсайын өткізіліп отырылады.
Қазан айының жоспарына сәйкес жолда жүру ережелері бойынша тақырыптық ашық тәрбие сағаттары өткізліді.Атап айтар болсақ 2 «А» сынып жетекшісі Махамбетова М «Реттелсейтін жол қиылыстары» тақырыбында, 4«В» сынып жетекшісі И.Морланг «Занете ли вы правила дорожного движения» тақырыбында, 8 «А» сынып жетекшісі Султанова Н «Қозғалысты реттеу нысандары» тақырыбында,5 «А» сынып жетекшісі «Жол таңбаларының белгіленуі» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
Сонымен қатар оқушыларға күнделікті жолда жүре ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырылады. Аптасына екі рет мектеп инспекторы А.Абдымомынов сыныптарға ақпарат беріп өтеді.
