

Акция мақсаты:Қатерлі АИТВ/ЖИТС дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын, ЖИТС-тан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Ұйымдастырушы педагог М.Нагашбайдың ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес «ЖИТС және оның алдын алу» атты онкүндік жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 8-11 сыныптарда «ЖИТС-ХХІ ғасыр дерті», «ЖИТС-ғасыр обасы», «ЖИТС-ғасыр уы», «Бүкіл әлемге тараған індет» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Аға тәлімгер К.Тлегенованың ұйымдастыруымен қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді, жиналыс барысында қыздардың жеке бас және гигиеналық тазалықтары, қыздар да болатын жыныстық жетілу кезіндегі өзгерістер туралы және қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу туралы ақпараттар берілді. Ал ДҚІЖО М.Темиржанованың ұйымдастыруымен ұлдар арасында «Зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Ұлдарға зиянды әдеттердің түрлері, зиянды әдеттердің зияны мен адам өміріне қауіптілігі туралы ақпараттар берілді. Мектеп медбикесі Р.Алиеваның ұйымдастыруымен Жуалы аудандық «Жастар денсаулығы» орталығының медбикесі В.Сейтаеевамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде медбике В.Сейтаеева оқушыларға жаһанды жайлаған ЖИТС дерті туралы тың ақпараттар ұсынып ЖИТСтан қорғанудың жолдарын ұсынды. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Ракишевтың ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өткізілді. Мектеп медбикесі М.Жәмекова «ЖИТС туралы нені білуіміз қажет?» атты тақырыпта 9-11 сынып оқушыларына диктант жаздырды. Диктант мазмұны АИТВ инфекциясының жұғу жолдары және АИТВ инфекциясының алдын алу және қорғану жолдарынан тұрады. 5-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырушы педагогтың ұйымдастыруымен «Зиянды әдеттен аулақ болайық» атты сурет байқауы өткізілді. Оқушылардың салған суреттерінде зиянды әдеттердің түрлерін, олардың зияны мен адам өміріне қауіптілігі бейнеленген.Мектеп медбикесі М.Жәмекованың ұйымдастыруымен 9 «а» сынып оқушыларымен «Сақтан ұрпақ ЖИТС деген қатерден!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде оқушылар ЖИТС туралы ақпарат алмасты. 6 сынып оқушыларымен «Дені сау ұрпақ!» атты флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа қатысушы оқушылар кеуделеріне ЖИТС-тің белгісі саналатын қызыл лентаны тағып флешмоб өткізді. Флешмоб арқылы оқушылар ЖИТС-ке қарсы екендерін білдірді.