"Аналар мектебі" , "Әжелер мектебі" бойынша өткізілген іс-шаралар
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі
«Ана-ұлттық руханиятымыздың өзегі» дәрістің анықтамасы
Өткізілген мерзімі : 14.11.2022 жыл
Өткізілген орны: оқу кабинеті
«Аналар мектебі» бойынша қараша айының жоспарына сәйкес клуб мүшелерімен бірлесе «Ана-ұлттық руханиятымыздың өзегі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті мектебіміздің мақтаныштарының бірі,мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қатарындағы Мұқатай Нұржауғанның анасы Турдалиева Ботагөз өткізді.Клуб мүшесінің төрайымы Жумагазиева Құралай оқушыларға мотвация беру мақсатында үлгілі анамызбен қыздарымызды кездестірудің мақсатын айтып өтті.
Дәрісті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Султанова ашып, іс-шараның мақсатын түсіндіріп өтті.Содан кейінгі сөз кезегін қонағымызға берді.
Қонағымыз өзін таныстырудан бастады.Ол сөзінде сіздер мені осы мектептің хатшы қызметіндегі қызметкер ретінде танисыңдар.Бүгін мен осы дәріске қонақ ретінде шақырылып отырмын.Мен Нұржауғанды анасы ретінде үнемі қолдау көрсетіп отырамын.Оған ешуақытта сен мүгедексің қолыңнан келмейді деп айтқан емеспін.Керісінше алға ұмтылуға демеу жасаймын.Ол жан-жақты бала.Сол қабілетіне қарай мен қолдау көрсетуге міндеттімін.Өздерің білетіндей ол суретші,театр өнерінде меңгерген,сонымен қатар денсаулығына қарамай спорттың екі түрімен шұғылданады.Дәл қазір ол Азия чемпионатына түсіп жатқанын білесіздер.Жеңіспен оралатына сенемін.Болашақта спортшы және жақсы актер болатынына ықпал жасауға дайынмын.Өйткені ол осы екі саланыда қалап отыр.
Менің мұнымен айтпағым ешуақытта қолымнан келмейді,ешкім түсінбейді деген ойдан аулақ болыңдар.Адам талпынса,еңбек етіп білім алса бәрін жеңіп шығады.Өздерің бірінші қадам жасасаңдар,қолдау көрсететін адам міндетті түрде табылады.Тым болмаса өзіңнің еңбегің,жеңіске жеткізбейц қоймайды-деп өз сөзін аяқтады.
Аталған дәрістен қыздар әсерлі көңіл-күй алып,сұрақтар қойды.Күнделікті көріп жүрген адамды екінші қырынан танып таңғалыстарын жасырмады.

