"Аналар мектебі", "Әжелер мектебі" бойынша өткізілген іс-шаралар
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі
«Әйел ана-әйел батыр» іскер әйелдермен кездесудің анықтамасы
Өткізілген мерзімі : 13.10.2022 жыл
Өткізілген орны: мектеп акт залы
Қыздарға ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру және отбасы тәрбиесі туралы тәрбие беру мақсатында «Аналар клубы» мүшесінің төрайымы Қ.Жумагазиевамен бірлесе іскер әйелдермен мотивациялық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге ауданымызда өз кәсібін дөңгелетіп жүрген аналарымыздың бірі Абдраймова Асель және мектебіміздің ұстазы әрі кәсібін қатар жүргізіп жүрген Р.Сыздықбаева шақырылды.Қонақтар қыздарға өнеге сөздерін айтып кәсіп пен отбасын қатар алып жүрудагі қыр-сырларын айтып мотвация бере білді.
Өз сөздерінде аналарымыз,әйел адамның қырық жаны бар демекші, қыз-келіншектер отбасына, балаларына көңіл бөле отырып, жеке кәсібін де істей алады, өйткені кәсіпкер нәзік жандылардың барлығы дерлік, ең алдымен уақытын жоспарлап, әр сәтін үнемді пайдалануға тырысады деп атап өтті. Қауымдастыққа мүше әйелдердің күнделікті жасап жатқан әрбір ісі барша әйелдер қауымына үлгі. "Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейтін" қырық шырақты әйел заты болудың өзі үлкен жауапкершілік.Әсілі, әйел затының қолы тиген жер әдеміленіп, гүлдеп сала бермей ме? Кәсіпкер Р.Сыздықбаева өз қолынан жасаған ағаштан ойылған ұялы телефонға арналған құралды тарту етіп жасалу жолымен қыздарды таныстырды.
Яғни, кішігірім сауда-саттықтан бастап ірі бизнестің тізгінін ұстап, ісін ілгерлетіп отырған нәзік жанды ханымдар қатары көп болса керек. Мысалы, Жамбыл облысында тіркелген 50 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанының иесі қыз-келіншек екен. Ал аймақтағы 2 миллионнан астам тұрғынның 50,5 пайызын әйелдер құрайды.Дерекке үңілсек, кейінгі жылдары шағын және орта бизнес саласына қадам басып, жеке кәсібін ашуға ынталы әйелдердің қатары өсе бастапты. Іскерлік пен ісмерліктің үлгісіне айналған әйел қауымы ауылдар да жетеді.Мұның дәлелі алдарыңызда отырған іскер ханымдарымыз.Ауданымызда іскер әйелдердің саны артып жатқаныны қуаныштымыз.Сіздерге де алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілейміз,деп кездесуді тәрбие ісі жөніндегі орынбасар К.Султанова аяқтады.

