«Полицияның жас көмекшілері» тобы «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясын өткізді
«Полицияның жас көмекшілері» тобының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция өткізілді. Акция жоспары жасалып, бекітілді. «Полицияның жас көмекшілері» тобының әрбір бөлімшелеріне қызметтеріне сай іс-шаралар бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес бөлімшелер өз іс-шараларын өткізді. Атап айтқанда, «Ұйымдастыру бөлімшесі» сыныптарды аралап нашақорлық бойынша ақпараттық жаднамалар таратты және «Зиянды әдеттердің зардабы» тақырыбында диктант жаздырды. «Насихат бөлімшесі» 2 «б» сынып жетекшісі Г.Тезекбаевамен бірлесіп «Аулақ бол» жаман әдеттен атты тәрбие сағатын өткізді. Редколлегия бөлімшесі «Мен өмірді таңдаймын!» сурет көрмесін ұйымдастырды. Спорттық бөлімшесі «СТОП СПАЙС» флешмоб ұйымдастырса, «Патрульдеу» бөлімшесі «Ел ертеңі-есірткісіз болашақ!» атты челлендж өткізді.