
«Дебат қозғалысының» жетекшісі Е.Әбдікәрімнің ұйымдастыруымен «Отбасы және мектеп» тақырыбында дебат өткізілді. Дебат төрешілері «Дебат» қозғалысының жетекшісі Е.Әбдікәрімов, тарих пәнінің мұғалімдері А.Наурызбаев және Р.Абишева. Дебат ережесіне сәйкес жақтаушы және даттаушы сикерлер сөз алып командаларын таныстырды. Дебат барысы дебат қарарынан,дефиницияя, Status quo,философия, аргументтер және қорытындыдан тұрады. Позиция дебат басталуға 5 минут қалғанда анықталды. «Болашақ» тобы үкімет, «Дарын» тобы оппозиция болып анықталды. Екі топ өз позицияларына сәйкес сөз алып мектеп және отбасы туралы пікір таластырды. Нәтижесінде «Дарын» тобы жеңіске жетті.