"Ерте жастан экологиялық мәдениет" жобасы бойынша желтоқсан айында атқарылған іс-шаралар
Тақырыбы: «Жасыл кабиет» гүлдендіру жұмыстары
Мақсаты: балаларды ерте жастан экологиялық мәдениетке үйрету,еңбекке баулу,жауапкершілігін арттыру
Желтоқсан айының 26 күні оқушыларды еңбекке баулу мақсатында тәлімгер Қ.Тлегенова «Жасұлан» ұйымымен бірлесе,кабинеттерді гүлдендіру жұмыстарын жасады.Кабинеттердегі гүлдерді суғарып,түбін қопсытып күтім жасады.Зертханашылардың жетекшілігімен жаңа гүлдер отырғызып,гүлдердің күтімі туралы түсіндіріп берді.
Сонымен қатар «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымы 30 желтоқсан күні «Тазалық күнін» ұйымдастырды.3-10 сыныптар арасында ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар өз сыныптарының терезелері мен есіктерін,парталарын жуып тазалады.Сынып жетекшілер мен зертханашылар бағыт беріп қауіпсіздік шараларын түсіндіріп бақылап тұрды.

