Мемлекетті рәміздерді насихаттау бойынша желтоқсан айында өткізілген іс-шаралар
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-ел мәртебесі» семинар
«Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» акция
Мақсаты:
Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату,ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді насихаттау,шығу тарихын жатқа білуге тәрбиелеу
Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында әр дүйсенбі сайын бірінші сабақта әнұран орындалады.1-11 сыныптарда жоспар бойынша тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Жоспарға сәйкес желтоқсан айының 13 күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Султанова жоғарғы сынып оқушыларына «Мемлекеттік рәміздер-ел мәртебесі» тақырыбында семинар өткізді.Семинарда рәміздердің мәртебесі,тарихы туралы айтылды.Биылғы жыл елімздің рәміздеріне 30 жыл толып отыр.Мемлекеттік рәміздер Тәуелсіз елеміздің басты символы екенін түсіндірді.
Сонымен қатар 14 күні «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» тақырыбында «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымы акция ұйымдастырды.Акция аясында ұйым мүшелері рәміздер туралы өлең шумақтарын,рәміздердің шығу тарихын айтып видео ролик түсірді.

