Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және пайдалану бойынша ұазан айында өткізілген іс-шаралар » Средняя школа №13 имени Ахмета Байтурсынова
Средняя школа им. Байтурсынова » Іс-шаралар » Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және пайдалану бойынша ұазан айында өткізілген іс-шаралар
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және пайдалану бойынша ұазан айында өткізілген іс-шаралар
Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында әр айдың дүйсенбі күні бірінші сабақта әнұран орындалады.1-11 сыныптарда жоспар бойынша «Туым-намыс,ұраным-бірлік,рәміздерім-мақтанышым» танымдық сабақ өткізілді.Танымдық сабақ барысында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген. Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Биылғы 2021 жылы жас мемлекетіміздің рәміздеріне 30 жыл толып отыр-деген ақпараттар берілді.