1 наурыз-Алғыс айту күніне орай өткізілген іс-шаралар
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Алғыс білдіру ең асыл сөз!», «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты қабырға газеттер мен суреттер байқауы ұйымдастырылды. Мектеп тәлімгері Қ.Тлегенова «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымының, «Жас ұлан» ұйымының мүшелерімен «Ардақтайық, ардагерлерді» атты қарттарға көмек көрсету мақсатында тұрғылықты жердегі жалғызбасты қарттардың үйіне барып, үй шаруаларына қолғабыс жасады. 1-11 сыныптарда Алғыс айтудың шексіздігі», «Алғыс айту азаматтың асыл қасиеті», «Алғыс айту-парызым» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді. «Алтын жүрек», «Мейірімді жүрек-жылы тілек» атты челлендж ұйымдастырылды.