

Мұғалімдер күні мерекесіне орай іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Мектеп тәлімгері Қ.Тлегенованың ұйымдастыруымен Zhambyl-tylek.kz жобасы жоғары оқу орындарында оқитын түлектердің «Ұстазыма мың алғыс!» хештегімен құттықтаулар топтамасы және ардагер ұстаздармен кездесу, 1-4 сыныптарда «Ұстаз-ұлы есім», 5-7 сыныптарда «Мұғалім-мектептің жүрегі», 10-11 сыныптарда «Мұғалім-таза еңбекті сүйетін мамандық иесі» тақыырыптарында шығарма байқаулары ұйымдастырылды. 1-11 сыныптарда «Ұстаз-ұлағатты есім» бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің жетекшісі А.Бакированың ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында «Мектебің алтын ұяң жарқыраған, Ұстазың-бұлақ көзі сарқыраған» тақырыбында онлайн эссе жазу байқауы және ұйымдастырды. Сынып жетекшілер «Менің ең алғашқы ұстазым», «Ұстаз ұлағатты есім» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Құттықтау ашық хаты», «Мұғалімге құрмет» акциялары өткізілді. 05 қазан күні мектеп акт залында салтанатты жиын өткізіліп, ұстаздарға көңілді күй сыйлады.