
Мектептің ұйымдастырушы педагогы Р.Қуаныш және «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері С.Уразова, Н.Мырзахметованың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығынан конкурс ұйымдастырылды. Конкурста 5-7 сынып оқушыларынан 28 оқушының жұмыстары сынға түсті. Конкурсқа қатысушылардың бұйымдары жарамсыз материалдардан, табиғи материалдардан, маталардан дайындалған.Конкурс нәтижесінде І орынды 7 «ә» сынып оқушысы А.Талғат, ІІ орынды 5 «а» сынып оқушысы Б.Жүргенбай, 6 «б» сынып оқушысы М.Тұрсынбек, ІІІ орынды 7 «в» сынып оқушысы Р.Мамедова, 5 «б» сынып оқушысы І.Қылышбек, 7 «б» сынып оқушысы Е.Әбделі иеленді.