олимпиада жеңімпаздары
Аудандық жалпы пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген олимпиадаға мектебімізден әр пән бойынша үздік деп танылған 13 оқушы қатысып, қатысқан оқушылардың 7 – уі жүлделі орындардан көрінді. Бұл қатысқан оқушылардың 53,8 пайызын құрап отыр. Жүлделі бірінші орын – 2 оқушы, екінші орын – 2 оқушы, үшінші орын – 3 оқушы иеленді. Атап айтсақ: 8 сыныптың оқушылары Сабит Қанағат математика пәні бойынша бірінші орын, Үсень Анель физика пәні бойынша ІІ орын, пән мұғалімі Ә. Ералиева, Қуанышбай Гүлнұр Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі Р. Абишева, 9 сынып оқушылары Ескенеев Бейбарыс информатика пәні бойынша І орын, пән мұғалімі Р. Оразымбетова, Мухина Любовь қазақ тілі пәнінен ІІІ орын пән мұғалімі Н. Затыбеков, Қуанышбаева Балнұр ІІІ орын ағылшын тілі пәнінен пән мұғалімі Д. Джуасбаева, 11 сынып оқушысы Жолдасбек Аруна химия пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі Н. Сұлтанова.