"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 03.10.2023 жылғы №525-Ө бұйрығының негізінде,Жуалы ауданы білім бөлімінің №671 бұйрығы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын ашу ұсынылып отыр.
Білім беру ұйымдарының басшылары «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің 2023 жылғы 15 тамыз №4 хаттамасымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды» және білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулықты басшылыққа ала отырып білім беру ұйымдары жанынан «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтарының қызметі ұйымдастырылсын деліген. Орталықтың мақсаты:
балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
Осы мақсатта мектепте "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы ашылып ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.