"Мектеп Парламентінің" атқарған жұмыстары
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мекетбі
«Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымының қыркүйек айы бойынша атқарған жұмыстарының анықтамасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің 04.05.2021 жылғы №13-376 санды хатының негізінде, жалпы ұлттық мәдени білім беру жобасын іске асыру және «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша
2021 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасына сүйене отырып мектепте «Мектеп парламенті» құрылды.Біздің мектеп парламентінің атауы «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымы болып бекітілді.
«Құқықтық және тәртіп» фракциясының депутаты Е.Ерланұлы жетекшісі ДҚТІЖО Г.Қондыбаева және М.Темиржановамен бірлесе ҚР «Білім туралы, «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңдарын,ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілері мен мектепішілік Ережемен таныстыру бойынша «Тәртіп барда білім бар» іс-шарасын өткізді.Аталған іс-шараға мектеп инспекторы А.Абдымомынов қатысып оқушыларға түсініктеме беріп өтті.Аталған іс-шара аясында мектеп парламенті жетекшілерімен бірлесе мектеп формасы,оқулық,суық қару сияқты заттарға рейдттік жұмыстарын жасап тұрады.
Қыркүйек айының 21 күні «Заң және сен,менің құқықтарым» атты құзырлы органдармен кездес жүргізілді.22 қыркүйек күні М.Темиржановамен бірлесе «Мен және менің полицейім» тақырыбында кездесу өткізді.
«Абайлаңыз балалар!» акциясы аясында «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымы «Жас полициялар» тобымен бірлесе «Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыбында үгіт насихат плакаттары жұмыстары жасалды.
23 қыркүйек күні «Балалар- назар аударыңдар!» тақырыбында спорттық ойындар өткізілді.Дене шынықтыру пән мұғалімдері және «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымы сынып жетекшілермен бірлесе түрлі спорттық ойындар ұйымдастырды.