15
December
2021
Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аталып өтті

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығын атап өтуге орай іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес төмендегідей іс-шаралар өткізілді.
- 10-11 сыныптарда «Желтоқсан тағылымы» танымдық сағаттар өткізілді, танымдық сағаттарда желтоқсан оқиғасы туралы, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және олардың өмір жолы, желтоқсаншылардан алар үлгі туралы сөз етілді ;
- 8 сыныптар арасында қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Бакированың ұйымдастыруымен «Желтоқсан жаңғырығы» атты тақырыпта эссе жазу өткізілді, окушылар өз эсселерінде желтоқсан оқиғасының Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше орын аларын атап көрсеткен;
- «Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы» тәрбие сағаттары, тәрбие сағаттарында желтоқсан оқиғасы туралы түсініктер беріліп, оқушыларды патриоттыққа, отанын сүюге шақырды;
- «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты желтоқсаншылармен кездесу (Жуалы ауданының тұрғыны, желтоқсаншы Сарбаев Нұрбекпен кездесу өтті, желтоқсаншы Нұрбек желтоқсан оқиғасы жайлы баяндап берді);
- «Желтоқсандағы жастардың қайсарлығы мен ерлігі» кітаптар көрмесі (кітапханашы Л.Турсуметова кітаптар көрмесін ұйымдастырды).