10
December
2020
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сай «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік» онлайн семинар, 3-4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік тұғырым!» шығарма байқауы, «Тәуелсіздік құндылықтары:өткенге тағзым, болашаққа аманат» және «Желтоқсан жаңғырығы Тәуелсіздік!» атты онлайн конференциялар, «Тәуелсіз елдің ұландары» онлайн концерт, «Тәуелсіз Ел-тірегім!» патриоттық әндер фестивалі, «Тәуелсіздік-ел тілегі» атты тәрбие сағаты, «Менің елім-Қазақстан» сурет көрмесі өткізілді.