13
November
2020
Қазақстан балалары-күзгі интерактив!
2020-2021 оқу жылының күзгі каникуль кезінде оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Қазақстан балалары-күзгі интерактив!» іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес «Қайырымдылық-адам жанының нұры!» атты асар челленджі, «Кітаптар әлемінде», «Шахмат стратегиясы» онлайн кездесу, «Қазақстан университеттеріне» виртуалды саяхат, «Қазақстан-менің Отаным» балалар суреттерінің онлайн көрмесі, «Біз талантты отбасы» челленджі, «Пайдалы ойындар» робототехникаға байланысты шеберлік сағат, «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты челлендж, «Ата өнері-балаға мұра» шеберлік сағат, «Өзіңді қорға» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.