"Әнұрыным айбыным" дөңгелек үстел
Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында әр дүйсенбі сайын бірінші сабақта әнұран орындалады.1-11 сыныптарда жоспар бойынша тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Жоспарға сәйкес наурыз айының 13 күні ұйыдастырушы педагог Д.Саянова тәрбие орынбасарымен бірлесе «Әнұраным айбыным!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел барысында оқушыларға слайд көрсетілді. Әнұраным – айбыным. Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы.
Бұрын да ел ішінде танымал болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 - жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік әнұран ретінде бекітілді. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Государственные символыдің ішінде ең маңыздысы - әнұран. Ол халықты әйгілі етеді. Қазақстан әнұранында халықтың тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек армандары суреттелген.
Оқушылар сұрақтарға жауап берді.
1. Мемлекеттік әнұран қайда орындалады?
2. Мемлекеттік әнұранды орындағанда қалай тұрамыз?
Әнұран маңызды салтанатты жиындарда, спорт жарыстарында орындалады. Әнұранды айтқан кезде түрегеп тұрып, қолымызды көкірегімізге қойып орындаймыз. Бәріміз Қазақстан республикасының азаматы ретінде әнұранымызды білуге міндеттіміз-деген мәліметтер берілді.Соңында әнұран айтылды.