"Балалар жылына орай өткізілген іс-шаралар"
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының «Балалар жылына» орай қыркүйек айындағы жолда жүру ережесі және «Абайлаңыз балалар!» акциясының бойынша атқарылған жұмыстардың анықтамасы
2022-2023 оқу жылының қыркүйек айында оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтау, жол ережелерін бұлжытпай орындау, көше қатынастары ережелерін меңгерту мақсатында «Абайлаңыз балалар!» атты акция аясындап сынып сағаттары,кездесулер , өткізілді.Мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, алдын алу шаралары жүргізілді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан сынып жетекшілер мен ата-аналар, оқушыларға жаднамалар таратылды. Мектеп дәлізінде оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтау үшін «Қауіпсіз маршрут» жол картасы ілінген және мектеп оқушыларының күнделіктеріне желімделген. Мектеп дәлізінде «Жол ережесін сақтайық!» деген стенд жасақталған. Мектеп алдында мектеп оқушылары бар екендігін ескертетін «Оқушы қыз-бала» бейнесі бейнеленген тақтайша орнатылған.
Қыркүйек айының 01 күні «Абайлаңыз балалар!» акциясының жоспары жасалып бекітілді.Жоспарға сәйкес 01-28 аралығында «Жолда жүру ережелері» туралы 1-8 сыныптар арасында тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Қыркүйек айының 01 күнінен бастап барлық оқушылардың күнделіктеріне «Сенің мектепке барар жолың» үйден мектепке дейінгі схемасы желімделіп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
05-09 күндері аралығында «Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.Үгіт-насихат жұмыстарын «Жас полиция» көмекшілері тобы ұйымдастырып жүзеге асырып отырды.Үзіліс кезінде дәліздегі «Қауіпсіз маршрут» стендінің алдында,дәлізде қалай жүру керек ережелерімен бастауыш сынып оқушыларына таныстыру жұмыстарын жүргізіп отырды.
22 қыркүйек күні «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында мектеп инспекиторымен кездесу өткізілді. Мектеп инспекторы А.Абдымомынов әр сыныпқа кіріп өзін таныстырып,жолда жүру ережелерімен және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізді.
23 қыркүйек күні «Жолда жүру ережесін білесіңбе,балақай?» тақырыбында мектеп инспекторы А.Абдымомынов мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 сынып оқушыларымен танымдық сағатын өткізді.Танымдық сағат барысында оқушыларды мектеп ауласына шығарып түсіндірме жұмыстарын жасап болған соң,көшедегі жол қауіпсіздігін үйрету мақсатында жолға алып шығып жолдың арғы бетіне шығу ережесін көрсетті. «Жаяу жүргінші» сызығын таныстырды.Жолдың шетінде маңдайшада ілінген «Абай»лаңыз балалар!» ескерпесінің мақсатын түсіндірді.
Атқарылған барлық іс-шаралар мектеп фейзбук парақшасында жарияланды.

