21
сентябрь
2022
Мектеп Парламентіне Президенттік сайлау өткізілді.
Мектеп парламентінің жұмысын жандандыру мақсатында "Ұлағат" өзін-өзі басқару ұйымы құрылған. Әр жылдың басында мектеп президентіне сайлау өткізілу ережесі бойынша қыркүйек айының 21 күні сайлау өткізілді.Үміткерлер 8-10 сыныптар арасынан іріктеліп 12 қыркүйектен бастап сайлау алды бағдарламалары бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Комиссия мүшелері 11 сынып оқушыларынан құралды.Блютен қағаздары таратылып оқушылар өздері таңдаған үміткерді белгілеп дауыс беру жәшігіне салды. Сайлауға түскен 11 үміткердің ішінен 162 дауыспен 10 "А" сынып оқушысы Ағатай Амина мектеп президенті болып сайланды.22 қыркүйек күні президентіміздің ант қабылдау рәсімі өткізілді.Қалған үміткерлер фракция депудаттары болып сайланды.Орынбасары 10 "А" сынып оқушысы Балташ Ерасыл болды.








