

2022 жылдың 22 ақпанында «Балалар жылына» орай спорт жұлдыздарымен мотивациялық кездесу өткізілді.Аталмыш кездесудің қонағы бокстан жаттықтырушы Қошаев Ержан.Жетістіктерін атап айтсақ 2008 жылы Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының чемпионы.2008 жылы (Саха Якутя) Мемлекетінде өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.Көптеган халықаралық турнирдің жеңімпазы.Атап айтар болсақ 2008 жылы Россия мемлекеті Калининград қаласында өткен (Янтарныйе перчатки) атты халық аралық турнирдің жеңімпазы.Спорт шебері.Спорт шебері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, салауатты өмір салтын ұстануға,әрдайым дене шынықтырумен,спортпен айналысуға шақырып,өзінің тілегін білдірді.