Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Әдеп кеңесіне білім бөлімінің ғылыми жетекші әдіскері Исмайлова Шолпан Бахтиярқызы, педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері, мектеп ұжымы қатысты. Әдеп кеңесінде Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеттері, педагогтердің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті тақырыбында баяндамалар оқылды.