10 балл - 100 теңге ауқымды жобасы
Kundelik сайтымен бірлесе отырып 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 балл - 100 теңге ауқымды жобасы басталды. Бұл жоба 5-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларына арналған. Яғни мектеп оқушылары күнделікті пән мұғалімдерінен Kundelik.kz сайтында 10-дық баллға бағаланса Halyk картасына 100 бонус аударылады. Мысалы оқушы 5 пәннен 10 балл алса күнде 500 бонус ала алады. Жиналған бонусты оқушы мектеп асханасына немесе өзіне қажетті орындарда Halyk QR арқылы жұмсай алады.