Алтын ұя мектебіміз тарихы » Средняя школа №13 имени Ахмета Байтурсынова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алтын ұя мектебіміз тарихы
12
июль
2018

Алтын ұя мектебіміз тарихы

Мектебім бір ғасырдың белесінде,

Ерлігі Бауыржанның ел есінде.

Жүз жылда талай шәкірт түлеп  ұшты

Білім ап, ізгіліктің кемесінде

 

Бүгінде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие берудің қара шаңырағы болып отырған Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің өзіндік тарихы бар  білім ордаларының бірі.

1910 жылдары Евгеньевка поселкасының аумағы кеңейе түскен еді. Бұл кезде Бурный поселкасы жоқ болатынды. Ал, 1914 жылы шіркеуге келушілердің «Земская Приходская школа» болып  мектебі ашылды. 1920 жылы бастауыш мектебі болып қайта құрылған.

1922 жылы 12 жасында аталған мектептің табалдырығын  халқымыздың төл перзенті, әйгілі жазушы, каһарман қолбасшы, гвардия полковнигі  Бауыржан Момышұлы тұңғыш аттанған еді. «Мектебіміз  мені баяғыдан қоңырау үнімен елеңдетіп жүрген  шіркеудің қарсысында екен. Кәдімгі қам кірпіштен  салынған еңселі үй.... Мұғалім менен әліппені сұрады. Алфавиттің бәрін айтып бердім....Менің орыс мектебінде алғашқы сабағым осылай басталып еді.... .» Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабынан.

Иә, Б. Момышұлы осы мектепте Василий Гончаровтың үйінде жүріп, екі жыл оқыған.Орыс тілін осында үйренген. Сөйтіп Бауыржан атамыз Аса мектебіне ауысқаңға дейін осы мектепте білім алып, тәрбиеленген.

Мектеп 1934  жылы арнайы 7-жылдық мектеп болса, 1950 жылдан бастап Гайдар атындағы орталау мектеп болып аталды.

Мектебімізді 1968 жылдарға дейін Пак Владимир Савельевич басқарған еді.  1968 жылдан бастап мектеп директоры болып Лавриненко Николай Иванович болды.

1995 жылы Гайдар орталау мектебіне кеудесін үнемі шынайы  мақтаныш сезімі кернеп «Мен тұңғыш қазақ директорымын» - деп жүретін  Әбдімәжит Дәуренұлы басшылық қызметке тағайындалады. Бұл кез, тәуелсіз еліміздің жаңа қоғамға аяқ басқан, аумалы- төкпелі «өтпелі» кезең болатын. Әрине айтуға оңай болғанымен бұл кезеңнен мектепті алып шығу оңай болған жоқ. Ағайды талай түйіні көп, шешілуі қиын істер күтіп тұрды. Бірақ тәжірибелі, көпті көрген іскер азамат табанынан таусылып, маңдай терін төге жүріп, ұжымды соңынан ертті. Мектепті жақсы кадрлармен қамтамасыз ету, мектепті газдандыру, заманға сай білім беру үшін, құрал- жабдықтармен жабдықтау , тіпті ең алғаш компьютер де осы азаматтың арқасында мектеп табалдырығынан аттаған болатын. «Мектепке ағылшын тілі жоқ» - деп балаларын басқа мектепке алып кету жағдайы болған кезде де ағай осы мәселенін де түйінін шешкен еді.

Осы жылдары мектепте 386 бала оқып, оған 35 ұстаз дәріс берген. Мектепті  орта мектепке айландыру үшін де , мектептің жаңа ғимаратын тұрғызу үшін де ағайға талай есіктерді қақуға  тура келді. Ақырында 2002 жылдан бастап мектеп орта мектеп болып құрылды.

2017 жылы қыркүйек айынан бастап мектебімізге ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді.
 <!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
 <!-- [endif] -->

Жұлдыздай жарқыраған түңгі аспанда

Қол созған асуларға, заңғарларға

Аяқ асты соқты ғой қара дауыл,

Іліндің сұм ажалдың тырнағына

 

2007-2009 жылдары мектеп директорының қызметіне жалынды да, жігерлі Әділбеков Мадияр Жанабекұлы тағайындалды. Мадияр ағамыз өзінің қысқа ғұмырында осы мектепке терең із,қолтаңба қалдырды. 2007 жылдан бастап ауыл тұрғындарының жағдайын көтеру бағдарламасына сәйкес жаңа мектептің ғимараты бой көтеріп, 2009 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген мектептің кірпішін өз қолымен  қалаған да Мадияр Жанабекұлы  еді.  Ауладағы жайқалған гүлдерді  еккен де Мадияр ағай болатын. Мектептің бітуі үшін көз ілмей,  болашағын қиялына қондырған Мадиярдың есімі мектептің тарихындағы алғашқы «Алтын белгіні» Спандиярова Айдана сынды шәкіртінің кеудесіне өз қолымен тағып, Гайдар орта мектебінің мәртебесін көкке көтерген директор ретінді  алтын әріппен мектеп тарихында қалары сөзсіз. Бірақ, жалын атқан жас ғұмыр орта жолда үзілді.... 

2009-2014 жылдарда  мектеп басшылығына тәжірибелі, Ақсай әкімдігінің әкімдік қызметін атқарған, Жуалы аудандық мәслихатының депутаты, іскер азамат Сыдығалиев Құрыш Тұрсынбекұлы тағайындалды. Бұл азаматтың есімі Гайдар орта мектебінің жаңа кезеңімен байланысты дер едік. Заманауи үлгімен салынған Гайдар орта мектебінің ғимараты қандай жаңа болса, онда берілетін білім де, тәрбие де, саны  беретін ұстазда жаңаша болуға тиісті еді.Барлығы дайын дегенмен атқарылар іс аз болмады. Кабинеттерді жаңа технологиялық әдіс- тәсілдерге сай жабдықтау, компьютер сыныптарын ашу, интерактивті тақталар алу, лингофонды сыныптар ашу, ұстаздардың білім біліктілігін арттыру, білімді кадрлар жасақтау сынды шаруалар кезек күттірмес , қажырлық пен табандылықты қажет ететін еді. Осындай күрмеуі көп істі жүзеге асыруда өзінің сабырлы да салмақты мінезімен , кеңпейілділігімен ұжымның құрметіне бөленген Құрыш Тұрсынбекұлының орны ерекше болды. Осы жылдарда мектепте 76 мұғалім шәкіттерге сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде табыстар биігінен көрінді. Сонымен бірге Құрыш Тұрсынбекұлының есімі мектебіміздің үздік шәкірті Маратқызы Құндыздың «Алтын белгі » төсбелгісінің иегері  болуымен де тығыз байланысты. Өзінің жігер қайратын еліне, ұрпағына арнаған осы бір аптал азаматты аудан әкімшілігі іскерлігін бағалап, аудан орталығынан ашылған  жаңа мектепке басшы етіп тағайындады. Бұған бізде қуаныштымыз. Себебі, Гайдар орта мектебі тек қана елін сүйген ерлер мен ұлағатты ұстаздар тәрбиелейді. Құрыш Тұрсынбекұлының есімі де мектептің тарихында алтын әріптермен өрнектелері анық.

Қазіргі таңда мектебімізді өзінің қызметтік сатысын алғаш  бастаған, ұстаздық тәжірибесі мол, ұрпағының болашағын  ойлап, елдің қамын жеген азаматтардың бірі  Абеев Азамат Айтбатырұлы басқарып келеді. «Істің қалай бітетіні, басталғанынан білінеді» – деген халық даналығы осы ағайға арналғандай. Мектебімізге тың идеялар, жаңа ұсыныстар ала келді. Бүгіңгі іс- шараның өтілуі де осы кісінің арқасында дер едік. Құрметті Азамат Айтбатырұлы  сіздің қадамыңызға, жұмысыңызға  табыс тілейміз.


 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив