Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен пайдалануы бойынша
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және пайдалану бойынша өткізілген іс-шаралардың анықтамасы
Өткізілген мерзімі: ай сайын
Өткізілген жері:мектеп ауласы, оқу кабинеті
Қамтылған оқушы саны:619
Тақырыбы:
- ҚР рәміздерін насихаттау: әр дүйсенбі әнұранды орындау ,салтанатты іс-шаралар,сынып сағаттары, танымдық сабақ.
Мақсаты:
Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату,ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді насихаттау,шығу тарихын жатқа білуге тәрбиелеу
Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында әр айдың дүйсенбі күні бірінші сабақта әнұран орындалады.1 қыркүйек –Білім күніне орай өткізілетін салтанатты іс-шара барысында Мемлекеттік ән ұран айтылып,ту жоғары көтерілу талапқа сай орындалды.
1-11 сыныптарда жоспар бойынша «Туым-намыс,ұраным-бірлік,рәміздерім-мақтанышым» танымдық сабақ өткізілді.
Танымдық сабақ барысында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген. Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Биылғы 2022 жылы жас мемлекетіміздің рәміздеріне 30 жыл толып отыр-деген ақпараттар берілді.

