"Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық" ата-аналар жиналысы
Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта метебі
«Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында өткізілген бірыңғай ата-аналар жиналысының
Хаттамасы №
Көлбастау ауылы Мерзімі:27 қазан 2022 жыл
Қатысқандар:мектеп директоры,оқу ісі жөніндегі орынбасары,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар,қамқоршылық кеңесінің төрайымы ,мектеп психологы,сынып жетекшілер, ата-аналар
Күн тәртібінде:
1. «Отбасы құндылықтарын нығайту,психологиялық кеңес» /психолог-педагог С.Малибекова/
2. «Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері» түсіндірме жұмыстары Department of Educationның 28.03.2019 жылғы №152 бұйрығымен бекітілген «оқушыларды мектепішілік есепке алу тәртібі туралы» ережесімен таныстыру .
/ДҚТІЖО Г.Қондыбаева/
3.«Қазіргі заманғы терроризм мен діни экстремизм қаупіне қарсы тұрудың өзектілігі» /ДҚТІЖО М.Темиржанова/
4.І-тоқсан қорытындысы
5.Әр түрлі мәселелер
Ата-аналар комитетінің төрайымын ауыстыру
Тыңдалды:
Жиналысты мектеп директоры А.Абеев ашып ата-аналарды күн тәртібімен таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагог-психолог С.Малибекова отбасы құндылықтарын нығайту,психологиялық кеңес өткізді.
Әрбір ата-ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез-құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Көптеген жайттар жасөспірімнің оны қалай жеңуіне, ата-анасына осындай қиын кезеңде қандай көмек алатындығына байланысты болады.
Әрбір ата-ананың міндеті – баласында болып жатқан өзгерістерге ден қою, оның ішкі уайымдарына мейірбандықпен қарау. Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері, баламен қарым-қатынаста болатын өкіндірерлік қателіктерді, жасауы оңай, бірақ дұрысталуы қиынға соғатын қателіктерге ұрынбауға мүмкіндік беретін ережелермен танысу.
Жасөспірімдік шақ – бала тұлғасының психологиялық іргетасының негізгі компоненттері қалыптасатын уақыт. Оның өмірлік мақсаттарының, құндылықтарының, қызығушылықтарының бүкіл жүйесінің нәтижесінде оның болашақтағы жетістігін немесе жеңілістерін айқындайтын уақыт.
Жасөспірімдік кезең 10-14 жас аралығында басталады. Осы жас аралығында бала мен оның ата-анасының өміріндегі ең күрделі де жауапты кезең болып табылады. Себебі осы жас арлығында бала ағзасында гормондық және физиологиялық өзгерістер байқалады Әр бір ата-ана баланың бойындағы өзгерістерге аса зер салып, бала бойында туындап жатқан мәселелерге сабырлықпен және төзімділік танытып, көмек беруге дайын болу керек. Мұндай өзгерістерге ата-аналар тарапынан баланың дұрыс тамақтануын, күн тәртібін сақтауын (ұйқы тәулігіне 10 сағаттан кем емес); таза ауада көбірек серуендеу, дене жаттығуларын жасауын немесе спортпен шұғылдануын қадағалау керек.
Сонымен қатар гормондық және физиологиялық өзгерістердің салдарынан баланың мінез-құлқы да өзгереді. Оның белгілері- қызбалық пен ашушаңдық, мазасыздық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тілазарлық, дөрекілік, жанжалшылдық, ересектерге себепсіз қарсы шығу, өз құқығын қорғай отырып, өмірінің көптеген тұстарын ата-аналардың бақылауынан тыс ұстауы және олармен жиі жанжалдасуы, эмоционалдық тұрақсыздық көңіл-күйдің күрт ауытқуына әкеліп соғуы немесе қарама- қайшы реакциялар көрсетуі мүмкін.
Отбасы, туған houseжасөспірім үшін өзін қауіпсіздікте және қорғанышта, сүйіспеншілікте сезінетін орын болуы тиіс. Ал ата-аналар кез келген сәтсіздікте оны түсінуге және қабылдауға шыдамы мен ақылы жеткілікті адамдар болуы қажет. Баламен жақсы байланыс – кез келген жастағы басты тәрбие құралы.
Баламен сөйлесуге әрдайым дайын болыңыз. Баланың өз еркі болмаса күштеп сөйлесуге мәжбүрлемеңіз. Бірақ әрқашан жанында болыңыз және онымен әңгімелескенде әрқашан ашық болыңыз. Бала үндемей ме, ақтарылып сөйлеспей ме? Ренжімеңіз. Бірақ егер жасөспірім бір жағдаймен бөліскісі келсе, оны ықыласпен тыңдаңыз, сұрақтар қойыңыз, қолдау білдіріңіз. Балаға дауыс көтермей байсалды сөйлесіңіз, төзім мен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз. Сыпайы болыңыз, жағымсыз эмоцияларға ерік бермеңіз, баланы балағаттамаңыз, ол мұны ұмытпайды.
Үйіп-төгіп ақылды кеңестер беру, ұрысу, қорқыту және т.с.с. әрқашан оңай. Бірақ бұл әрекетіңізден бұдан былай балаңыз сізге ешқандай сырын сеніп айтпайтын болады. Сондықтан баланы өзіңіздің ересек досыңызды тыңдағандай тыңдаңыз. Баламен сөйлесудің мәнісі дәл, нақты мәселені ғана қозғайтындай болуы керек. Бұл жағдайда баланың жеке тұлғасына сын жаудыруға («сенің қолыңнан түк келмейді» т.с.с.) деуге болMayды. Жанжалды жағдайларды шешкен кезде, баланың тек нақты әрекеттеріне ғана баға беріңіз. Ол сізге жеке тұлға ретінде емес, оның мінез-құлқы ғана ұнаMayтындығын білуі тиіс.
Ержеткен балаңыздың қызығушылықтары мен дәм құмарлықтарын қабылдау – ата-ана үшін жалғыз дұрыс шешім. Балаңыздың ұнататын нәрселеріне қызығушылық танытыңыз – оның сүйікті компьютер ойындарын, фильмдерін, музыкалық топтарын біліп жүріңіз. Міндетті түрде сізге ұнайтындарын айтып отырыңыз: бұл балаңызға ұнайды, оны таңқалдыратын болады, қуанып қалады. Баланың белгілі бір еркіндікке деген құқығын аяқасты етпеңіз: есік қақпай бөлмеге кірмеңіз, рұқсатсыз заттарын қозғамаңыз, оның аймағында өз тәртібіңізді орнатпаңыз. Оның таңдау құқығын әрқашан жадыңыздан шығармаңыз, әрбір бала қадірлеуді қажет етеді – оның таланттарын бағалайтындығын, оның қабілеттері мен шеберліктерін мақтан тұтатындығын білгісі, көргісі және сезінгісі келеді.. Өз балаңызды ешқашан айналадағылармен салыстырмауға тырысыңыз, сонымен қатар өз балаңызды өзгелерден төмендетіп салыстыруға мүлде жол бермеңіз. Егер баланы отбасында қадірлемесе, ол ниеттестерін сырттан іздейтін болады және жаман ортаға тап болуы ғажап емес.
Біртіндеп баланы өзінің қиындықтарын өзі жеңуіне дағдыландырыңыз. Өзі мақсаттар қойсын және оған жету жолдарын өзі айқындасын. Балаңызға өз жолын өзі салуды үйретіңіз – оған мамандықтар әлемінде бағдар алуға көмектесіңіз. Болашақта немен айналысуды шешу – бұл жасөспірімдер үшін ең қиын іс. Барлық мүмкіндіктерді көрсетуге тырысыңыз – оған әр түрлі мамандықтар туралы айтыңыз, өз достарыңыздан олардың қызмет салалары туралы ақпаратпен бөлісуін сұраңыз. Жасөспірімнен оның нені қалайтындығын айқын білуін талап етпеңіз. Бала тек онда таңдау болған жағдайда ғана шешім қабылдай алады.Кеңес беріп өткен соң ата-аналарға жаднама таратты.
Екінші мәселе бойынша құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қондыбаева
«Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері» түсіндірме жұмыстары Department of Educationның 28.03.2019 жылғы №152 бұйрығымен бекітілген «оқушыларды мектепішілік есепке алу тәртібі туралы» ережесімен таныстырып өтті. Нұсқаулықта оқу орындарында глоссарийде көрсетілген зорлық-зомбылықтардың барлық түрлері бойынша (буллинг,кибербуллинг,дене зорлығы,психологиялық зорлық,тұрмыстық зорлық,сексуалды зорлық т.б) сауалнамалар алу,алдын алу шаралары жүргізу,жобалары іске асырылып жатқанын ата-аналарға хабарлады.Ата-аналардың келісімдерімен құқық бұзушылық жасауға және жәбірленуші болуға күдік келтіретін балалардың ұялы телефондарындағы жазбаларын кибербуллингтің алдын алу мақсатында ата-аналарымен бірлесіп оқуды қарастыру. Сонымен қатар « Оқушыларды мектепішілік есепке алу тәртібі туралы ережеге» сәйкес ,мектепішілік есепке алу және тұрмысы қолайсыз отбасыларын есепке алу журналдары арналған.Ол журналға мектепішілік есепке алуға жататын балаларды анықтап,тіркеп отыратындылығын айтты.Осы бағытта атқарлыған іс-шаралар педогогика қжымдарына ,ата-аналарға ,қамқоршылық кеңес мүшелеріне таныстырылады.Мектепішілік есепке алу үш сатыдан тұрады.Ең төменгісі үлгерімі төмен оқушылар,ортаңғы сатысы сабақтан кешігетін жалпы мектеп ережесіне бағынбайтын оқушылар,үшінші сатысы құқықбұзушылық жасаған және бейім балалар.Parents балаларының қандай әлеуметтік желіге кіретіні,кімдермен араласатыны туралы хабардар болып отыру ескертілді.Мысал ретінде Тараз қаласында 2019 жылдың 25 қазанында орын алған жағдай,оқушылар арасындағы топтық төбелеске тергеу амалдарымен анықталғандай,олардың бірін-бірі әлеуметтік желі арқылы («ВК»-да) қорлауы,ерегісі себеп болғандығын хабарлай келе,аяғы ауыр қауіпті қылмысқа ұрындырған зорлық-зомбылықтың бұл түрі –кибербуллингтің балалар үшін аса қауіпті екендігін көрсетіп отырғанын айтты.
Үшінші мәселе бойынша құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Темиржанова ата-аналарға экстремизм жән террроризм сөздеріне анықтама беріп, осы мәселелер қазіргі таңда үлкен проблемаға айналып отырғанын айтып өтті. Осыған дәлел мемлекетімізде қаңтар айынын басында болған оқиғаларды айтуға болады. Террористер өз іс-әрекеттерінде тым қатал іс-шаралар жасап, өздерінің саяси мақсатын орындауда ешнәрседен тайынбайды. Экстремизм мен терроризммен халықаралық және мемлекеттік арнайы органдар күрес жүргізуде. Қазақстанда жаңа форматтағы антитеррористік орталық құрылған. Экстремизм мен терроризм мәселелерін түсіндіруде саясаттану пәні және саясаткерлер арнайы шұғылданады. Олар, экстремизм мен терроризмнің шығу себептерін , саяси мақсат-мүдделерін ашып беруде. Сонымен бірге, экстремизм және терроризммен еліміздегі құқық қорғау органдары нақтылы шұғылдануда. Дінде экстремизм де, терроризм де жоқ. Бірақ экстремистер мен террористер дінді өздерінің мақсаттарына пайдаланып, оны күннен күнге өршітіп келеді. Дін- адамның өте нәзік сезімі. Діннің осы ерекшелігін жат пиғылдағы саясаткерлер түрлі айла-тәсілдер арқылы өз мақсаттарына пайдалануда. Бұл істе елдің жекелеген адамдардың әлеуметтік жағдайларына байланысты, оларға «көмектер» көрсету мақсатында /ақшалай, заттай / «сыйлықтар» беріп, өз ықпалдарына түсірумен әрекеттенуде. Мұндай айла-шаралардың түрлері аса көп. Кей-кезде бизнес немесе шет тілдерін оқыту арқылы да теріс пиғылды дінге сүйенген әрекеттер орын алуда. Діни экстремизм мен терроризм әлемнің елдерінде , аймақтарында сан қилы көрініс табуда. Бұл жерде ескеретін жағдай олармен күресте іс-шаралар біріншіден, заңдық негізде жүру керек. Бұл жөнінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабының 7 тармағында былай деп айтылған: «Ешкімнің де өз діни наным- сенім себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ». Екіншіден, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес әр халықтың дәстүрлі мәдениеті негізінде болғаны жөн. Дәстүрлі діндер сол елдің дәстүрімен бірігіп, біте қайнасып, ғасырлар бойы тәжірибеде сұрыпталған. Сондықтан дінді дәстүрге қарсы қою қателік. Үшіншіден, экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәдени күрес болуы керек. Адамзат және халықтық мәдениеттің әмбебап құндылықтарын жоққа шығаратын діни пиғылдағы әрекетін құптауға мүлдем болMayды. Әр халықтың мәдени мұрасы адамзаттың ортақ құндылығы болып табылады. Сондықтан тарихи жәдігерлерді жою, қирату мәдениетке жат әрекет. Мұндай жағдайлар орын алғанда олардың іс-әрекеттеріне адамзаттың мәдени құндылықтарын сақтаудың халықаралық деңгейде бекітілген ереже қағидалырына сүйенуіміз керек екенімізді айтып өтті.
Сонымен қатар , ата-аналарға елімізде қаңтарда орын алған оқиға бойынша заңсыз наразылық акциялрға қатысқаны үшін жауапкершілікпен таныстырып өтті. Ол Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының талаптары туралы, сондай-ақ заңсыз наразылық акцияларына қатысқаны үшін әкімшілік (ҚР ӘКБтК-нің 488 бабы ) және қылмыстық (ҚР ҚК-нің 400 бабы) жауапкершілігі туралы түсінік беріп өтті. Яғни, заңда көрсетілген бейбіт жиналыс, бейбіт жиналыстарға қатысушы, демонстрация, жиналыс митинг, шеру сөздеріне анықтама беріп , ата-аналарға таныстырды. Сонымен қатар, заңның 3 тарауы 2 бабы бойынша Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетінін айтып өтті. Сонымен қатар, таныMayтын адамдарға ілеспеуге, топталып жиналмау керектігін ескертіп өтті.
Төртінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Айтманбетова сөз алып І-тоқсан бойынша оқушылардың жалпы үлгерімі туралы айтып өтті.
Бесінші әр түрлі мәселелер бойынша күн тәртібінде ата комитетінің төрайымын ауыстыру туралы қаралды.Сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Султанова алды.Мектепішілік ата-аналар комитеті төрайымының қызметін атқарып келеген Г.Хайтниязова қазіргі таңда бала күтімімен отырғандықтан комитет төрайымдылығынан босатуды сұранып отыр.Сол себептен бізге ата-аналар комитеті төрайымын және көмекшілерін тағайындап алу қажет.Біздің тарапамыздан мектеппен тығыз байланыста жүрген белсенді деген үш ата-ананы ұсынғалы отырмыз.Сіздер қолдасаңыздар сол кісілерді атап өтсем көп балалы ,жеке кәсіпкер анамыз Жаманкулова Айгүл, жеке кәсіпкер Абдраймова Асель,көп балалы белсенді анамыз Шынтөриева Нұрсұлу.Осы кісілерге дауыс берсеңіздер ,деп тәрбие орынбасары ұсыныс жасады.Көпшілік белсенді ата-аналардың бірі Жаманкулова Айгүл ханымға комитет төрайымы болуына дауыс берді.Қалған екі анамыз Абдраймова Асель мен Шынтөриева Нұрсұлу көмекшілері болып сайланды.Ата-аналарымыз келісімін беріп бірлесе жұмыс жасайтындарын айтты.
Шешім етілді:
- Педагог-психолог С.Малибекованың отбасы құндылықтарын нығайту, психологиялық кеңесі назарға алынсын
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қондыбаеваның Department of Educationның 28.03.2019 жылғы №152 бұйрығымен бекітілген «Оқушыларды мектепішілік есепке алу тәртібі туралы ережесін» таныстыруы назарға алынсын.
- Отбасында баланың әлеуметтік желілерді пайдалы жағына пайдалануын қадағалау ата-аналарға жүктелсін.
- Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Темиржанованың баяндамасы назарға алынсын.
- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Айтманбетованың баяндамасы қанағаттанарлық деп танылсын.
- Ата-аналар комитеті төрайымы Жаманкулова Айгүл,көмекшілшері Абдраймова Асель және Шынтөриева Нұрсұлу болып бекітілсін.
Жиналыстың төрағасы: А.Абеев
Қамқоршылық төрайымы: Б.Темиржанова
Ата-аналар комитетінің төрайымы: А. Жамакулова
Хатшы: Ж.Избасарова