Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы » Средняя школа №13 имени Ахмета Байтурсынова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
29
December
2020

Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы

Мектепішілік  жалпы  ата-аналар жиналысы


Өткізілу уақыты:29.12.2020ж


Өтетін орны: қашықтықтан



Күн тәртібінде:


  1. «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықтың алын алу» тренинг (мектеп психологы  С.Малибекова)


  1. Оқушылардың  қыс мезгіліндегі қауіпсіздігінің алдын алу шаралары. түсіндірме жұмыстары. (Пиротехникалық заттардың қауіпсіздігінің алдын алу ) (Қ.Султанова ДТЖО)


  1. І-жарты жылдық бойынша жалпы кітап жағдайы туралы. (мектеп кітапханашысы Л.Турсуметова)


  1. Әр түрлі мәселелер
  2. Тыңдалды:


             Ата-аналар жиналысын мектеп директоры А.Абеев ашып жүргізіп отырды. Бірінші мәселе бойынша мектеп психологы сөз алып,ата-аналарға «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықтың алын алу» тақырыбында тренинг өткізді.Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.
              Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды.
              Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет.Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнін өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал. Жоғарыда айтқан жазушы-педагог Ж.Аймауытовтың ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасының мектепте - ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына , ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

    А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.Баланың айтайын деген өтінішін , ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.

    Аутодеструктивті міне-құлық деген не ?Ол адамның саналы түрде өзіне-өзі саналы түрде қиянат жасап,қол жұмсауы,яғни өз өмірін тоқтатуға бағытталған іс-әрекет. Аутодеструктивті міне-құлық –адамның қалыпты дамуына,дене бітімі мен психологиялық денсауңлығына қауіп төндіретін міне-құлық.

    Аутодеструктивті міне-құлыққа шалдығу себептері:жасерекшелік өзгерістер;әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі;толық емес немесе сәтсіз отбасы,өмірлік тәжірбиенің аздығы;

    Аутодеструктивті міне-құлықтың белгілері.

    Физиологиялық-яғни денсаулығы нашарлайды,тамаққа тәбеті төмендеуі,ұйқының бұзылуы,т.б;

    Эмоционалдық-көңіл-күйі бұзылады,агрессияның пайда болуы,оңашалануы.

    Интеллектуалдық-өмірге,білімге деген қызығушылығы жойылады,әдеттегі өзіне ұнап жүрген істеріне немқұрайлы қарау;

    Дүниетанымдық-ішкі жандүниесінде өзгерістер пайда болады,белсенділігі төмендейді.

    Алдын алу шараларына тұлға аралық қарым-қатынасты жандандыру,баланың өз күшімен мүмкіндігіне сендіру,тәртібін және достарымен қарым-қатынасын қадағалау,барлық жағдайларға түсіністікпен қарап,жанашырлық таныту.

    Егер балаңыз төмендегідей жағдайда болса ойланыңыз,тұйықталып қалса,егер балаңыз ашуланшақ болса,егер балаңызда торығу болса,балаңыз шаршаңқы,әлсіз,көңіл-күйі болмаса,т.б ерекше көзге түсетін оғаш қылықтар пайда болса.

    Балаларға психологиялық көмек көрсетерде келесі ережелерді есте сақтау қажет;әрбір адамды жеке тұлға ретінде қабылдау;қамқорлық таныту;зейін қойып тыңдау;дұрыс сұрақ қоя білу;шыдамды болу;іс-әрекетін баланың көзінше талқыламау.

    Жеке тұлғаны баланың бас ұстазы ата-ана қалыптастырады-дей келе ата-аналарды жоғарыда айтылған кеңестерге құлақ асып,мұқият болуға шақырды.

    Екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Султанова сөз алып оқушылардың қыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

    Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
     -Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
     -Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
     - Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
     - Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
     -Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
     -Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.
     - Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
     - Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
     - Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
     - Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп,
     жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
     ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

    Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан құлау ең қауіпті болып табылады,себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.

    Естеріңізде болсын: әдетте мұз сүңгілері су жиналған жерде пайда болады, сол себепті үйлердің фасадын айналып өту керек.
     Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және мүмкіндігінше ғимараттардың
     қабырғаларына жақын жүрмеңіз.

     Егер тротуарда жүрген кезде жоғарыдан күмәнді дыбыстар шықса,жоғары қарап, не екенін тексерудің қажеті жоқ. Ол жылжыған қар немесе мұз кесегі болуы мүмкін. Ғимараттан алыс қашуға да болMayды.Қабырғаға тезірек сүйеніп, шатырдың шетін қалқа ретінде қолдану керек.Үнемі қоршалған жер телімдеріне мән беріп, қауіпті жерлерге кіруден бас тартыңыз.
     Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде:
     
    -автобустың артынан айналып өту,балаларды өз жаныңнан жібермеу,бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу;жолдан өтер кезде ең алдымен солға,содан соң оңға қарау;жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта жол шетінде
     тұрмау;автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңменбұрылмау;көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.
     Мұз үстіне жалғыз шықпаңыз!Мұздың қалыңдығын аяғыңызбен тексермеңіз!
     Қауіпті кезде ұқыпты, абай болыңыз!Қар астында жұқа мұз болуы мүмкін .

    Егер аяқ астынан мұз жарылып, сынықтар пайда болса, қорықпаңыз және қауіптен қашпаңыз!Мұз үстіне етпетінен жатып,қауіпсіз жерге қарай жылжыңыз!
     Мынадай жерлерде тіпті қатты аяздан соң да мұздың қату деңгейі төмен болады.
     Қауіп туған жағдайда қорқып, айғай салмаңыз!Бар күшіңізді сақтап мұзға қарай қолыңызды барынша сермеңіз!Құтқару кезінде тезірек, тиянақты , абай болыңыз!
     Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы:
     - Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бір-біріңнен 5-6 метр алшақ жүрген жөн.
     Бірінші жаяу жүргенге бейімдеп, құтқаратын заттарды кигізіп,( мысалы құтқару
     кеудешесі) ең жеңіл адамды жіберу керек.Тыйым салынған жерлерден, суқоймаларындағы мұздан өтеуге болMayды.Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз. Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрма. Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз.Оқушылардың қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздігі ата-аналардың жауапкершілігінде екенін ескерте келе баланың қауіпсіздігі басты назарда екенін ұмытпауға шақырды.Сонымен қатар алда келе жатқан жаңа жыл мерекесін тойлауда  қайғылы жағдайларға тап болмас үшін пиротехникалық заттардың қауіптілігі туралы және тыйым салынатындығы туралы түсіндіре кетті.

    Қазіргі таңда отшашулар мен мерекелік пиротехникалық бұйымдар жаңа жылдық сыйлық пен шырша секілді мерекенің алмастырылмас бір бөлігіне айналды.

    Жаңажыл мейрамы отшашусыз өтпейтінін ескеріп пиротехникалық өнімдердің пайдасынан зияны көп екенін және пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу, әкету қағидаларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салуды түсіндіру мақсатында назарларыңызға ұсынамыз

    Негізіндепиротехникалықзаттардымемлекеттіклицензиясы бар мекемелерғанасатаалады. Оныңбасқаорындардасатылуызаңғақайшы.

    Кішкентай петардалар, қолмен атқыш бұйымдар, кәсіби отшашулар жаңа жылдық түні әр отбасының іс-шарасынан өз орнын табуда. Қысқы мерекелердің адында барлық дүкендер мен сауда орталықтары әртүрлі пиротехникалық құралдарды, соның ңішінде жәй бенгал шырағынан бастап, үлкен отшашуларға дейін жаппай сатудан кем қалMayтындығы белгілі. Алайда, пиротехникалық бұйымдардан адамдардың зақым алу және тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының орын алуы орны толмас өкініштерге ұрындаруда.

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 желтоқсандағы нұсқауына сәйкес, жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтау, бақылау мақсатында үстіміздегі жылдың 15 желтоқсаны мен 2021 жылдың 7 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.Бүгінде тез жанғыш материалдар мен пиротехникалық заттар сататын сауда орындары тексерілуде.

    Адам өміріне қауіпті пиротехника өнімдерінен сақ болыңыз! Бұл – Төтенше жағдайлар қызметінің қатаң ескертуі. Оған себеп жоқ емес. Жыл сайын ел аумағында «Пиротехника» алдын алу іс-шаралары жүргізілсе де, сертификатталмаған сапасыз өнімдер азайMay тұр. Сауда саттық дүкендері тексеріліп заңсыз пиротехникалық заттар тәркіленуде.Бірақ, бұл адам өміріне қауіпті пиротехникалар түгел тәркіленді деген сөз емес.Осындай жағдайлардың зардыбын жасөспірімдер тартуда.Баланың қауіпсіздігін басты назарда ұстау тек ата-анаға емес, қоғамның басты міндеті.

    Әлеуметтік «Whatsapp» желілерінде  тарап жатқан  кері атылған петардан,отшашулардан зардап шеккен жасөспірімдер мен ересектердің жантүршігерлік жағдайларды көріп жүрміз.Орны толмас оқиғалардың алдын алу өз қолымызда.

    Жаңа жылды отшашусыз елестету мүмкін емес. Ол мерекенің символы іспетті. Алайда, мына сырты әдемі өнімдердің іші өте қауіпті. Себебі, сатушының сату лицензиясы, пиротехникалық заттардың сертификаты жоқ.Осыны естен шығармағанымыз жөн болар.Өз өміріңізбен жақындарыңыздың өміріне қауіп төнбеудің алдын алыңыздар дегім келеді.

    Алда келе жатқан жаңа жыл мерекесін оқыс оқиғаларсыз,жақсы көңілмен қарсы алуларыңызға тілектеспін-деп аяқтады өз сөзін.

    Үшінші мәселе бойынша мектеп кітапханашысы Л.Турсуметова сөз алып І жарты жылдықтағы жалпы оқулықтардың жай-күйі туралы айта кетті.

    Жалпы мектеп кітапханасының кітап қоры-15893.Оның ішінде : көркем әдебиет-2605,Оқулықтар саны-13288,электронды оқулықтар-345,әдістемеліктер-345,оқырман саны-650.мектеп бойынша 100 %  оқулықтармен қамтылды.Еліміздегі пандемияға байланысты «кезекші сыныптарға»  кіруге рұқсат етілмегендіктен кітап жағдайын тексеру,қадағалау сынып жетекшілерге жүктелген.Сонымен қатар қашықтықтан оқытылып жатқан оқушыларымыз бар.Қашықтықтан оқып жатқан балалардың оқулықтарының таза әрі ұқыпты ұсталуын қадағаласаңыздар деген өтініш білдірді.

    Төртінші әр-түрлі мәселелер бойынша мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қондыбаева сөз алып алдағы мереке күндері  оқушылардың бей-берекет,әсіресе түнгі мезгілде заңды тұлғаларсыз жүрмеулерін,ойын-сауық орталықтарына бармауларын қадағалауды тапсырды.Сонымен қатар алдағы 30 желтоқсаннан 11 қаңтар аралығындағы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануларына жағдай жасауды айта кетті.Осы мақсақтта демалыс күндерінде мектеп спорт залында түрлі үйірмелер бойынша жұмыс жасайтынын ескерте кетті. 


    Шешім етті:


    1.«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу жолдары» бағытында ұсынылған ақпараттық кеңес назарға алынсын.

    2. Оқушылардың қыс мезгіліндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналарға жүктелсін.

    Пиротехникалық заттардың қауіпсіздігін түсіндіру ,алдын-алу шараларын жүргізутсынып жетекшілерге жүктелсін.

    3. Оқулықтардың таза, әрі ұқыпты ұсталуын қадағалау сынып жетекшілер мен ата-аналарға жүктелсін.

    4.Оқушылардың түнгі уақытта заңды тұлғаларсыз жүрулерін қадағалау,ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін бақылау ата-аналараға жүктелсін. Демалыс күндерінде мектеп спорт залында бос уақыттарын тиімді пайдалану мақстаныда ұйымдастырылған түрлі үйірмелерге қатысуларын қамтамасыз ету ата-аналарға жүктелсін.   



    Жиналыстың төрағасы:                                                    А.Абеев


    Қамқоршылық төрайымы:                                           Б.Темиржанова


    Ата-аналар комитетінің төрайымы:                          Г.Хайтниязова


                    Хатшы:                                                                             Ж.Избасарова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив